Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні. Халқы және еңбек ресурстары
Автор: Zhani3 • Сентябрь 13, 2022 • Контрольная работа • 4,515 Слов (19 Страниц) • 476 Просмотры
Жинақтап бағалау тесті. 9 сынып. География. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні. Халқы және еңбек ресурстары.
- Экономика ұғымы грек тілінен қазақшаға аударғанда қандай мағана білдіреді?
а) Әлеуметтік жағдай; в) Қоғам мен адам арасындағы байланыс; с) Табиғат ресурстары; д) Шаруашылықты басқару; е) Өндірісті шоғырландыру.
- Әлеуметтік ұғымы қандай мағана білдіреді?
а) Әлеуметтік жағдай; в) Қоғам мен адам арасындағы байланыс; с) Табиғат ресурстары; д) Шаруашылықты басқару; е) Өндірісті шоғырландыру.
- ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлау саясатының қандай белгілері тән болды?
а) Ресейден қоныс аударғандарға ақысыз жер беру; в) Арзан еңбек күшін және шикізатты пайдалану; с) Ресейге толық саяси және экономикалық тәуелділік; д) Ресей өнеркәсібі үшін шикізат және астық жөнелту; е) Барлық жауаптар дұрыс.
- Екінші бесжылдықта, яғни, 1933-1937 жылдары Қазақстанда қанша кәсіпорын пайдалануға берілді?
а) 110 кәсіпорын; в) 120 кәсіпорын; с) 130 кәсіпорын; д) 140 кәсіпорын; е) 150 кәсіпорын.
- Бүгінде еліміздің Ұлттық қорында шамамен қанша АҚШ доллары жинақталған? а)34,3млрд доллар; в) 44,3млрд доллар; с) 54,3 млрд доллар;
д) 64,3млрд доллар; е) 74,3млрд доллар.
- Қазақстан дүниежүзінде мұнай қоры жөнінен нешінші орын алады? а) 6-орын; в) 7-орын; с) 8-орын; д) 9-орын: е) 10-орын.
- 2017 жылы Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесінің тақырыбы не? а) Су энергиясы; в) Болашақтың энергиясы; с) Атом энергиясы;
д) Жылу энергиясы; е) Барлық жауап дұрыс.
- Қазақстанның жер көлемі қанша?
а) 2,7 млн км2 ; в) 3,7 млн км2; с) 4,7 млн км2; д) 5,7 млн км2; е) 6,7 млн км2.[pic 1]
- Қазақстан бүкіл құрлықтың қанша пайызын алып жатыр? а) 1% ; в) 2% ; с) 3% ; д) 4% ; е) 5% .
- Қазақстан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы қанша? а) 13394 км; в) 14394 км; с) 15394 км; д) 16394 км; е) 17394 км.
- Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қандай артықшылығы бар? а) Жапония мен АҚШ елдерімен жақсы экономикалық қатынаста болуы; в) Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алмауы; с) Қытаймен және Ресеймен көрші болуы мен транзиттік жол торабында жатуы; д) Дайын өнім шығаруы; е) Ауа райының қолайсыздығы.
- Мына халықаралық ұйымдардың қайсысына Қазақстан мүше емес? а) МАГАТЭ; в)ТМД; с) Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
д) Еуропалық Одақ; е) Кеден Одағы.
- Қазақстанда жан басына шаққанда қанша га ауыл шаруашылығына жарамды жерден келеді?
а) 9 га; в) 13 га; с) 15 га; д)18 га; е) 21 га.
- Қазіргі Қазақстан экономикасының басты проблемасынан қалай арылу керек?
а) Өндірісті шоғырландыру арқылы; в) Шикізатты көптеп сату арқылы ; с) Табиғат ресурстарын аямай өндіру арқылы; д) Өңдеуші өндірістің өсуін ынталандыру арқылы; е) Сырттан дайын өнімдер сатып алу арқылы.
- Болашақта Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы үшін мына төмендегі айтылғандардың қайсысы қажет емес?
а) Жаңа өнім шығару; в) Жоғары кәсіби маманы бар арзан жұмысшы күші; с) Шетелден тікелей инвестиция тарту; д) Экспортқа тек шикізаттар шығару; е) Жаңа технология мен ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту.
- Қазақстан халқының саны дүние жүзі бойынша нешінші орын алады?
а) 52 орында; в) 62 орында; с) 72 орында; д) 82 орында; е) 92 орында.
- Халықтың ұдайы өсуі деген не?
а) Демография; в) Көші-қон; с) Ұрпақтардың үздіксіз ауысып отыру процесі;
д) Механикалық қозғалыс; е) Жыныстық-жастық пирамида.
- Қазақстанда еңбекке қабілеттіктен жастау 15 жасқа дейінгі балалар жалпы халықтың қанша пайызын құрайды?
а) 20,5% ; в) 24,5% ; с) 30,5% ; д) 34,5% ; е) 40% .
- Қазақстандағы еңбекке неғұрлым қабілетті жас?
а) 18-25 жас аралығы; в) 25-39 жас аралығы; с) 25-49 жас аралығы; д) 29-39 жас аралығы; е) 39-49 жас аралығы.
...