Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы мәдени танымдық туризм саласының даму мүмкіндіктері

Автор:   •  Ноябрь 9, 2018  •  Лекция  •  716 Слов (3 Страниц)  •  3,108 Просмотры

Страница 1 из 3

Байжуманова Гулжан Жанатбековна

1 курс студенті, География мамандығы

Қазақстандағы  мәдени танымдық туризм саласының даму мүмкіндіктері.

Аңдатпа: Мақалада Қазақстандағы туризм саласының қазіргі жағдайы, түрлі тарихи және мәдени ескерткіштер,қорық мұражайлар мәдени ресурстар туралы айтылады. Қазақстан  туристік саласын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспарында  Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инфракұрылымды дамыту, кадрлық саясатты жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірінші  кезектегі міндеттер қарастырылған.

Түйін сөздер: тарихи ескерткіштер, мұражайлар, қорықтар.

Біздің ел көптеген тарихи және мәдени, географиялық ескерткіштері бар,тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет, ал бұл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі десе болады. Сол себепті тарихи мәдени мұраны, яғни мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфракұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру керек екендігі анық.[2]

Мәдени туризм- туризмнің ең танымал түрлерінің бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда мәдени туризм басқа елдерде сияқты жеке салаға бөлініп, жылдан жылға әрі дамып келеді. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі  туристік саланы дамыту» тұжырымдамасында мәдени туризм Қазақстанның басым туристік өнімінің бірі екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл тұжырымдамада туристік кластерлерде тарихи  мәдени мұра обьектілері, соның ішінде тарихи мәдени, археологиялық қорық мұражайлардың кұрамындағы көптеген көне сәулет өнерінің ескерткіштері – кесенелер, мешіттер, қорғандар, петроглифтер туристік қызығушылық обьектілері болып отыр.

Сонымен қатар тарихи- мәдени қорық- мұражайлардың да үлесі бар екенін атап өту қажет. Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлке болып табылады. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар –кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі. Бүгінгі күнде Қазақстан аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын туристік ұйым, демалыс орындары, емдеу-сауықтыру шипажайы және республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар тіркелген. Бұл аумақтар тек қана Қазақстанның көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін қызықтыратын табиғи көрікті жерлері топтастырылған.

Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді: экологиялық туризм,  жағажайлық туризм,  тау шаңғысы туризм, емдік - шипалы туризм, мәдениет-танымдық туризм

Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, аң аулау және ғылыми турларын, пантемдеу, шипажай-курорттық демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдениет-танымдық турлар ескіліктерін, тарихын, халық мәдениетін жақсы көретіндерді қызықтырады. Олардың қызметіне: қонақ үйлер бар, бұл үйлерде халықтың тұрмыспен, салт-дастүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, танысу, марал өсіру фермаларын көріп шығу мүмкін.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (100.7 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club