Шпаргалка по "Ландшафту"
Автор: Altynay • Июнь 2, 2019 • Шпаргалка • 10,235 Слов (41 Страниц) • 2,405 Просмотры
Страница 1 из 41
- Ландшафтану ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде аймақтық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафтану нысаны – жердің ландшафт қабығы және оны құрайтын құрамдас табиғи-антропогендік ландшафт.Ландшафттану физикалық географияның бір бөлігі ретінде зерттеу объектісі – географиялық қабық, ал пәні – ландшафт қабығы және оның құрамы(1-жергілікті және аймақтыө табиғи кешендердің немесе геожүйелердің әртүрлі типтері;2-ландшафттың морфологиялық құрылымы және оның бірлестігі;3-аймақтық ландшафттану және аудандастыру;4-ландшафт динамикасы;5-ландшафт эволюциясы;6-антропогендік трансформацияның, эволюцияның және табиғи-антропогенді және мәдени ландшафттың қалыптасу заңдылығы.). Ландшафт қабығы дегеніміз көп табиғи территориялық кешен немесе ландшафттық геожүйе.
- Қарапайым территориялық табиғи кешен түсінігі(фациялар). ТТК –табиғи компоненттердің сапа жағынан біртұтас жиынтығы, яғни күрделі материалдық жүйе. ТТК дегеніміз географиялық компоненттердің кеңістікпен уақыт бойынша үйлескен бірлестігі. ТТК ландшафт объектілерінің кез-келген жергілікті, аймақтық, ғаламшарлық өлшемдерін түсіндіруге де қолданылады. Жергіліктіге фация, мекенше, мекен, жергілікті жер жатады. Фация – біртекті геология-геоморфологиялық жағдаймен, біртекті микроклиматымен, біртекті топырақ жамылғысымен, біртекті өсімдік бірлестігімен, бірдей жануарларымен сипатталатын қарапайым табиғи геожүйе. Фация микро және мезо пішінді рельефте кездеседі. Фациялардың өлшемі жазықта 10-20м2-тан 1-3км2-қа дейін, тауларда азырақ, 500м сайын өзгереді. Фацияның геоопологиялық және геохимиялық классификациясы: 1)суайрық позициясындағы фация-автономды эллювиальді; 2) беткей позициясындағы фация – трансэллювиальді; 3) беткейасты фациялары – трансаккумулятивті; 4) ойпаттың грунт сулары бар фация – супераквальді; 5) өзен фациялары – трансаквальды.
- Ландшафттанудың негізгі бағыттары, олардың негізін қалаушылар мен зерттеу әдістері. Ландшафттану негізгі бағыттары: ландшафт морфологиясы, геотопология,ландшафт физикасы, қолданбалы ландшафттану.Ландшафт геохимиясы —географиялық ландшафтарда химиялық элементтердің химиялық құрамын және миграциясын (көшуін) зерттейтін геохимия мен физикалық географияның бөлімі.20 ғасырдың 40-жылдарында пайда болған. Ол ландшафттағы химиялық элементтердің көшуін, жиылуын зерттегенде геохимияның, әсіресе, биогеохимияның тәсілдерін қолданады. Жеке ғылыми бағыт ретінде Ландшафт геохимиясының негізін қалаған орыс ғалымы – Б.Б.Полынов.Ландшафт морфологиясы - географиялық ландшафтылардың морфологиялық құрылысын, яғни ландшафт ішіндегі морфологиялық бөліктерінің —фацияларының, қоныстарының және жерлерінің өзара орналасуын, олардың генетикалық және динамикалық арақатынастарын зерттейтін ландшафттанудың бөлімі.Геотопология — төменгі таксондық дәрежедегі (геотоп деп аталатын) географиялық қабықтың бөлімшелерін зерттейтін ландшафттанудағы бағыт. Бұл терминді неміс географы Э. Неоф ұсынды (1963 ж.). Докучаев қолданбалы географияның – қол- данбалы ландшафттанудың негізін қалаушы болып саналады.Қолданбалы ландшафттық зерттеулер аясы кеңейді. Бұрын негізгі қол- данылуы ауыл шаруашылығы болса, енді оған сəулеттік жобалау, ірі қалалар маңын тиімді пайдалану, курорттық аудандар ұйымдастыру, ландшафттық- рекреациялық зерттеулер, ландшафттық-инженерлік жəне ландшафттық- мелиорациялық зерттеу жұмыстары қосылды.Ландшафт физикасы, ландшафт геофизикасы, биогеофизикасы — ландшафттанудың ландшафт процестерін физикалық жолмен анықтайтын саласы. Негізінен климаттың, жер бедері және топырақ жамылғысының белгілі бір кешеніне бейімделген органикалық ортаның өніп-өсуіне тікелей қажетті процестерді (ландшафт энергетикасы, жер беті жоғарғы қабатының радиациялық және жылу балансы, өсімдік бойына фотосинтездік радиацияның сіңуі, т.б.) зерттеумен айналысады.
- География ғылым жүйесіндегі ландшафттанудың орны.Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде аймақтық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады.Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құрылымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Ландшафттанудың басты міндеті– ландшафт түрлерініңжаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуынжәнеадамныңшаруашылықәрекеттеріненоныңөзгеруінзерттеу, табиғаттытиімдіпайдаланудың, оныңішіндетабиғаттықорғаудыңтеориялықнегіздерінжасау. Соныменбіргеландшафттанутөменгісатыдағыгеожүйелер (жекеқоныс, фация, т.б.) жәнежоғарысатылықгеожүйелер (табиғиөлке, провинция, т.б.) мәселелерімен де айналысады. Табиғаттыңосындайжекежақтарынзерттейкелеландшафттанугеографиялыққабықтыңаймақтықбелдеуініңжалпызаңдылықтарынанықтайды, яғнифизикалықгеографияныңаудандастырунегізінқалайды.
- Ландшафттанудың климатологиядан, гидрологиядан, ботаникалық географиядан қандай айырмашылығы бар? Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде аймақтық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады.
- Ландшафттанудың функциясы. Ландшафт функциялары:ресурсты,экологиялық,ақпаратты, эстетикалық. Ресурсты функция-өндірістік жұмыстармен(өндіруші өнеркәсіп,энергетика, ауыл шаруашылығы,ормандық,су шаруашылығымен) тығыз байланысты. Экологиялық функциясы-ландшафт құрылымын және табиғи ортаның спецификалық параметрлерінкөшіретін және сақтайтын ландшафт құрылымының қасиеті.Негізгі ландшафт функциялары: ресурс тудыратын, қоршаған ортаны тудыратын және табиғатты қорғайтын.Ресурс тудыратын функциясы адамдардың табиғи ресурстарды өндірісте қолдануымен байланысты. Қоршаған орта тудыратын функциясының негізгі факторлары адам өмірі және ландшафттың қатысуымен байланысты(атмосферадағы ауаның құрамы, судың сапасы,эстетикалық әртүрлілік). Табиғатты қорғайтын функциясы екі функцияның, яғни ресурс және қоршаған орта тудыратын функциясымен байланысты. Ландшафт су қорғау функциясы немесе өзгермейтін,аз өзгеретін табиғаттың эталон қоймасы болады, сирек жануарлар және өсімдіктер болуы мүмкін.
- А. Гумбольдтің табиғаттың біртұтастылығы туралы ойы. А.Гумболд-табиғи зоналылық ілімінің негізін қалады. Саяхатшы – Александр Гумбольд географиялық байланыстардың себептерін түсіну үшін ең негіздісі, органикалық өмірдің өлі табиғатқа бағыныштылығын шеше білу жеткілікті деп түсінді. Бірақ оның ғылыми ізденісі кең көлемде болмады, өйткені барлық табиғи компоненттер туралы мәліметтер жеткіліксіз болды. Ең бастысы тірі және өлі табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты біле алмады. Гумбольд географиялық құбылыстарды физикалық деп санады және физика заңдары өсімдік және хайуанаттарға, соның ішінде адамдарға да әсер етеді деп түсінді. Бұл көзқарас ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы географтарға тән еді. Олар да физикалық географияны физиканың бір бөлігі деп түсінді. Практикада бұл идея орыс университеттерінде 1835 жылы физика және физикалық география кафедраларының қосылуының нәтижесінде жүзеге асырылды. Дегенмен физика мен физикалық географияның жақын қарым-қатынасы физикалық географияның дамуына уақытша пайдалы болды. Бірақ уақыт өте келе физика физикалық географияға кедергі болды.
- Ландшафттану ілімінің пайда болуы мен дамуына Докучаевтің, Бергтің, Солнцевтің қосқан үлестері. Докучаев-орыс мектебіндегі ландшафтанудың негізін қалаушы. Ол толықтай, бүтін, бөлінбейтін табиғатты зерттеуде табиғаттың бөліктерін бөлмей, біртұтас зерттеу керек екендігін айтты. Оның ең алғаш ландшафтанудағы ғылыми еңбегі «Біздің дала бұрын және қазір». Солнцев Мәскеу университетіндегі ландшафт-география мектебінің негізін қалаушы. Ландшафттың морфологиялық құрылымы жайлы ілімінің және ландшафттың табиғи компоненттері және олардың ландшафтогенез процессіндегі рөлі ілімінің авторы. Ландшафттардың даму формаларын алғаш рет Л.С.Берг зерттеп тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісінің қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерін жіктеген. Ландшафттардың қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, маусымдық,жылдық,ғасырлық,дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апаттары оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафт динамикасын дамытуда жеке дара да, бір-бірімен қосарланып та әрекет етеді.
- Ландшафттану ғылымының дамуына Қазақстан ғалымдарының (Джаналеева) қосқан үлестері. Гульжан Джаналеева-география ғылымының докторы, физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры, «физикалық география», «биогеография», «топырақ географиясы» және «ландшафт геохимиясы» еңбектері бар. «Табиғи ортаны зерттеуде геожүйе- бассейндік тәсіл» ғылыми еңбектері бар. Ғылыми қызығушылығы табиғаттың құрамдас бөлігіне адамның іс әрекетінің тигізер әсерін зерттеу. Ғылыми гранттар: 1. Іле өзені алабының су шаруашылық балансы мен Іле-Балқаш аймағын ландшафттық карталау және зерттеу.2.Қаратау-Ақсу өзендері арасындағы дөңдер аймақтарының қалыптасуын зерттеу. 3.Қуаңшылық аумақтарды аграрлық ландшафттардың зерттеуде материалдарды жер тізбесін жанарту үшін Қазақстанның кең ауқымды карталарын дайындау. 2013 ж. 22 мамырда Джаналеева К.М. Халықаралық ғылым академиясы Еуразия (академик) толық мүшесі болып сайланды. Галина Викторовна Гельдыева (1939 ж.т., Қарағанды қ.) – география ғылым докторы (1990ж.), профессор (1993ж). 1997 жылдан ҚР ҰҒА География институтының бас ғылыми қызметкері. 100-ден астам ғылым мақала мен 4 монография, Қазақстан аумағының 3 ландшафтық картасының авторы.
- Шетелдегі ландшафттық зерттеулер.Тролль-неміс географы, ландшафт экологиясын немесе геоэкологияны - рельефтің өзара әрекеттесуі ілімінің негізін салушы. Гетнер-неміс географы хорологиялық елтану концепциясының негізін салды. Пассарге-неміс географы, Африка, Оңтүстік Америка ландшафтарын зерттеуші және «ландшафтану негізі» монографиялық еңбегінің, «Жердің ландшафттық зоналары» еңбегінің авторы. Шлютер-неміс географы, мәдени ландшафт концепциясын негізін салушы. Зауэр-американдық географ, мәдени ландшафт ғылымының жарқын өкілі. Бертран-француз географы, пейзаждық география және ландшафттың эстетикалық қабылдау аймағындағы мамандардың бірі .
- Жүйелік тәсілдеме-ландшафттанудың әдіснамалық (методологиялық) негізі.Жүйелік тәсіл, құрылымдалып жатқан нысанды құрылымы және мақсаты бар нысан ретінде қарастырады. Нысанды қандай болса сондай етіп(құрылымдық анықтама) немесе оның жұмыс жасау принципі бойынша (функционалды анықтама) суреттеуге болады.мысалы, автомобиль қозғалтқышын құрылымдық суреттеу кезінде әрбір негізгі элементті ерекшелеу қажет. Мысалы, жағу шамдары, цилиндрлер, поршеньдер және де олардың қозғалтқыштағы орналасу орнын белгілеу қажет. Детальді суреттелген құрылымдық анықтама негізгі бөлімдерді құрушы әртүрлі элементтердің орналасу орнын жақсырақ көрсетеді. Функционалды анықтамада қозғалтқыштың жалпы мақсаты және әрбір элементтің жалпы функциядағы орны көрсетіледі. Жүйелік тәсілде өңдеу процесі форманы(құрылымды) функцияға келтіру тәрізді қарастырылады, ол-процестің өзі қандай нысан жасау керектігін,ол нысанның мақсаты,бұл функцияны жүзеге асыру үшін қосымша не керек екендігін шешеді. Жүйелік тәсіл кез келген күрделі жүйені қарапайым әрі басқаруда оңай болатын қосалқы жүйелерге жіктеу мүмкіндігін бере алатын құрылымды мықты құрал. Бұндай қосалқы жүйелер жалпы жүйеге белгіленеді, бірақ сонымен қоса олар тәуелсіз өңделеді. Бұл ойдың әжептеуір экономиясына әкеледі. Осыдан біз күшіміздің бәрін күрделі құрылымды проблемаларға бағыттау, сонымен қоса жер – ақпаратты жүйелердің күрделі түрлерін жобалау мүмкіндігін аламыз.
- Геожүйе компоненттері. Геожүйе- барлық табиғи компоненттер бір бірімен заттық энергетикалық ақпараттық байланыста болатын ландшафттық біртұтастық болатын жердегі кеңістік. Авторы Сочава. Морфолитогенді негіз, ауа массасы, табиғи су, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі.
- Географиядағы тұтастылық түсінігі.Геожүйе эмерженттілігі. География қабықтың аса маңызды заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. География қабығының тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы, шарттастығы мен олардың бір-біріне тәуелді болынуынан көрінеді. География қабықты құрайтын компоненттер өзара тығыз байланысты заңдылықпен дамиды. Егер осы комоненттердің біреуі өзгеріске түссе, табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни қазіргі дж-нде болып жатқан табиғи экологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңын білудің шаруашылық маңызы зор. Батпақтарды құрғатқанда топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеу салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Геожүйе эмерженттілігі-геожүйенің біртұтастығы. Геожүйе- барлық табиғи компоненттер бір бірімен заттық энергетикалық ақпараттық байланыста болатын ландшафттық біртұтастық болатын жердегі кеңістік.
- Ландшафттағы материя мен энергияның жүйе қалыптастырушы ағындары. Зат ағыны тұйық циклде өтеді, сондықтан ол зат айналым деп аталады. Заттар үздіксіз экожүйенің әртүрлі звеноларында айналымға түседі және барлық уақытта қайтадан зат айналымға түсуі мүмкін, ал энергия бір рет ғана пайдаланылады. Энергия ағыны - бұл органикалық қосылыстардың химиялық байланыстар түрінде бір деңгейдегі организмнен екіншісіне энергияның ауысуы. Заттар ағыны - продуценттерден редуценттерге заттардың химиялық элементтер мен олардың қосылыстары түрінде берілуі және әрі қарай химиялық реакциялар арқылы тірі организмдердің қатысуынсыз заттардың процестерге қайта келуі.Жүйенің біртұтастығы тура және кері заттық-энергетикалық, ақпараттық байланыстардың және олардың элементтері арқылы қамтылуы – кері байланыс заңы. Заттық-энергетикалық ландшафттық байланыстар: ауа массаларының атмосфералық циркуляциясы; жылу, ылғал, шаң, тұз, ластаушы заттардың ауа алмасуы; геожүйенің су режимдері; жер беті және грунт ағыны; эрозионды-денудациялық процесстер және жауын-шашын аккумуляциясы; биологиялық айналым, биотадағы трофикалық тізбегі.
- Тік және көлденең байланыстары бар жүйелер. Мысалдар. Радиальды байланыс- геогоризонттарды қоса есептегенде геожүйенің тік құрылымын байланыстыратын компонент аралық байланыс. Латеральды байланыс- геожүйелер, ландшафттар арасындағы байланыс болып табылады. Олар табиғи геожүйелерді ландшафттық континиумға қосады және аймақтың көлденең ландшафттық құрылымын ұйымдастырады.
- ТАК вертикальды құрылымы. 17жауабы
- ТАК-тың тік құрылымы. Табиғи аумақтық кешен, яғни табиғи геожүйе, географиялық кешен және табиғи ландшафттар дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі біртұтас жүйені құрайтын, табиғи құрылымдардың кеңістіктегі заңдылықпен орналасқан сыңарлары және физикалық географияның негізгі бір түсініктемесі. Геожүйенің вертикальды құрылымы геогоризонттың жүйелі түрде реттеліп ұсынылған құрамы мен вертикальды байланысы. Геогоризонт- белгілі бір табиғи компонентінен түзілген немесе оның үйлестірілген және спецификалық геомассаға ие болатын, вертикальды профильдың құрылымдық элементі. Жердің тарту күшіне байланысты табиғи жүйенің вертикальды құрылымы және ландшафт қабығы толық стратификацияланған, яғни ландшафт қабығының қатарына бөлшектенеді. Геогоризонттар: жоғарғы шекара, аэральды, аэральды-биогенды, биопедогенды, литогенді, литогидрогенды,төменгі шекара, литогенды (сутірек).
- Геожүйелерінің әртүрліліктілігін анықтайтын факторлары, олардың жеке қасиеттері.
Геожүйе- барлық табиғи компоненттер бір бірімен заттық энергетикалық ақпараттық байланыста болатын ландшафттық біртұтастық болатын жердегі кеңістік. Авторы Сочава. Морфолитогенді негіз, ауа массасы, табиғи су, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі. .
Геосистемалар географиялық жүйелерге тән барлық түрлер мен жүйелерге тән қасиеттерге ие. Геосистеманың басқа жүйелерден ерекшеленетін маңызды сипаты - аумақтық сипат. Бұл меншік геосистемалар белгілі бір аумақта анықталады және олардың сипаттамалары аймаққа, конфигурацияға және басқа да аумақтық сипаттамаларға әсер етеді.
...
Доступно только на Essays.club