Топографиялық карталармен және пландармен жұмыс істеу
Автор: kuat01 • Февраль 16, 2022 • Лабораторная работа • 512 Слов (3 Страниц) • 350 Просмотры
Зертханалық сабақ 1. Топографиялық карталармен және пландармен жұмыс істеу
Тапсырманың мақсаты:
• топографиялық карта мен план бойынша есептерді шешуді меңгеру.
Қеректі құралдар: Әр түрлі масштабтардағы карталар мен пландар жинағы, циркуль-өлшеуіш, масш- табтық сызғыш және транспортир.
Топографиялық карталар мен пландар геологиялық іздеу және барлау жұмыстарымен байланысты бір- сыпыра есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оларға төмендегідей есептер жатады:
• картада берілген нүктенің геогра- фиялық және тікбұрышты координаталарын анықтау;
• картада шын және магниттік азимуттарды, бағыттың дирекциондық бұрышын анықтау;
• нүктелердің биіктігін анықтау;
• беткейдің құлама тіктігін және сызықтың көлбеулігін анықтау;
• карта бойынша жердің профилін жасау;
• трассаны берілген еңістікпен жобалау
• су жиналу ауданының шегін анықтау.
Картада берілген нүктенің геогра- фиялық және тікбұрышты координаталарын анықтау
А нүктесінің φA ендігін анықтау үшін (2.4-сурет) осы нүкте арқылы карта жиектемесінің оңтүстік қабыр- ғасына параллель сызықты жүргізеді. Секундтарын көзбен шамалап 37Ä осы параллельден жиектеменің оңтүстік қабырғасына дейінгі арақашықтықты табады. Оңтүстік жиектеменің ендігі 54040/-қа тең болғандықтан, ізделініп отырған А нүктесінің ендігі [pic 1] -қа тең.
Осыған ұқсас етіп А нүктесі арқылы шын меридианды жүргізіп, А нүктесінің бойлығын табады. Батыс жиектеменің бойлығы 18000/-қа тең болғандықтан, ізделіп отырған А нүктесінің бойлығы [pic 2] -қа тең.
Тікбұрышты координаталарды анықтау
В нүктесінің (2.5-сурет) тікбұ- рышты координаталарын анықтау үшін километрлік тордың цифрларын пайдалана отырып, берілген нүкте орналасқан оңтүстік-батыс бұрыштың Х0=27350м, У0=33250 м координаталарын табады. Содан кейін В нүктесінен квадрат қабырғаларына ВВ1 және ВВ2 перпендикулярларын түсіреді де, карта немесе план масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын көлденең масштабтың көмегімен табады: ВВ1=Δх=20,10 м, ВВ2=Δу=21,30 м. Сонда В нүктесінің тікбұрышты координаталары мынаған тең:
Хв=Х0 + ΔХ=27350 +20,10 = 27370,10 м,
Ув=у0 + Δу=33250 +21,30 = 33271,30 м.
[pic 3] [pic 4]
1.1-сурет. Топографиялық картада А нүктесінің географиялық координаталарын анықтау | 1.2-сурет. Топографиялық картада немесе планда В нүктесінің тікбұрышты координаталарын анықтау |
Картада берілген сызықтардың дирекциондық бұрышын, шын және магниттік азимуттарын анықтау
Егер картада берілген АВ сызығы координаталар торының сызығын қимайтын болса, онда оны тордың сызығын қиғанша созады (2.6-сурет). Қиылысқан С нүктесіне транс- портирдің нөлін және оның нөлдік диаметрін тордың сызығымен бет- тестіріп қойып, солтүстік бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен өлшегенде дирекциондық бұрыш α= 327045/-қа тең.
...