Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру
Автор: As1ma • Апрель 29, 2022 • Реферат • 2,313 Слов (10 Страниц) • 755 Просмотры
БӨЖ. Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру
Орындаған: Жарылқасынова Әсем
Тексерген: Боранкулова Дина
Жер шарындағы ең ірі литосфералық тақталарға – Тынықмұхиттық, Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Наска, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Арабия және Кокос тақталары жатады. Бұл аталған литосфералық тақталар жер шары беткі бөлігінің 85 %-н, ал қалған 15 %-н шағын литосфералық тақталар (Филиппин, Скотия, Кариб және т.б.) құрайды.
Жер қыртысының даму npoцeci айрықша күрделілігімен сипатталады және әртүрлі жағдайда қалыптасуы мүмкін. Қазіргі геотектоникада нeriзri екі бағыт бар, олар тік және көлбеу тектоникалық қозғалыстардың рөлін әртүрлі бағалауға негізделген.
Бipiнші бағыт литосфера эволюциясын тік тектоникалық қозғалыстар атқарады деген жорамалдан бастау алады. Бұл бағыт фиксизм деп аталады.
Геотектоникадағы екінші бағыт литосфераның эволюциясын блоктардың ipi масштабты, көлбеу жылжуымен байланыстырады, бұл блоктарға тұтас континенттер кіреді. Геологиялық ғылым дамуының бұл бағыты көлбеу қозғалыстарды негізгі деп санайтындықтан, мобилизм деп аталады.
Екі бағыттың жақтаушылары да геотектоникалық процестердің қозғаушы күштері мен механизмін түсіндірудегі түрлі принциптік көзқараста болғанымен, жер қыртысының даму процесіндегі басты үш кезеңді: 1) геосинклинальды (ойысу, шөгінділер жиналу, магматизм), 2) орогендік (қатпарлану, тау жасалу), 3) платформалық (орнықты, амплитудалы аз тербелістер) кезеңдерді айқын ажыратады. Әр кезең өз кезегінде жекелеген сатылардан тұрады. Жер қыртысы дамуыньң басты кезеңдері біртұтас тектоникалық циклді құрайды.
1960 жылдары жаңа ғаламдық тектоника немесе литосфералық тақталар қозғалысы концепциясы ұсынылған. Осы концепцияға сай литосфера ipi біртұтас қатты монолит тақталарға жіктеледі. Олардың ең ipілері: Еуразия, Тынықмұхиттық, Үнді-Аустралиялық, Африка, Америка, Антарктида және кішігірім Арабия, Кариб, Наска, Кокос тақталары. Литосфералық тақталар үш типтегі жылжуларға ұшырайды: ажырау (спрединг), жымдасу немесе сығылу (субдукция, коллизия) және ығысу (трансформдық жарылымдар). Жер қыртысының дамуын талдау көрсеткендей, оның түрлі бөліктері әртүрлі кезеңде біртіндеп эволюциялық даму сатыларынан өткен. Түрлі деңгейдегі тектоникалық режимдерді бастан өткізген. Қaзipгi кезде жер қыртысында қарқынды субдукция, шөгінділердің жиналуы, магматизм (Шығыс Азияда, ол Курил аралдарынан Жаңа Зеландияға дейінгі аралықта созылып жатыр), сондай ақ орогендік режимде дамитын тау жасалу (Гималай, Тянь-Шань, Кавказ) процесі тән белдеулер қатар кездеседі.
Тектоникалық қозғалыстар кең таралған және магматизм мен метаморфизм процесі терең жүрген, қатпарлы және жарықшақты қозғалыстар, вулканизм мен тау жасалу процесі дамыған жер қыртысының белсенді аймақтары геосинклинальды қозғалмалы белдеулер деп аталады.
[pic 1]
Алғашқы архей (эоархей - осыдан 4,0-3,6 млрд жыл бұрын) біздің планетаның ең аз зерттелген кезеңі. Осы кезеңде қазіргі континенттердің негізінде жатқан гранитті қабаттар қалыптасқан.
Архейден соңғы кезеңдерде (3,6-2,5 млрд жыл бұрын) біздің планетада алғашқы геосинклин алқаптары қалыптасқан. Геосинклин формацияларының қалың, қат-қабаттары жиналып, олар қарқынды метаморфизмге ұшыраған. Жер қыртысының қалыңдығын оның, кейбір бөліктерінде 30 км дейін жеткенінен көруге болады.
Палеопротерозой кезеңінде (2,5-1,6 млрд жыл бұрын) геосинклиндер аукымында жер қыртысының консолидациясы басталып, қатпарлы және өрлеме қозғалыстар дамып, литосфераның мұхиттық және континенттік құрылымдары дараланып, протоплатформалар мен протогеосинклиндер 46 қалыптасқан. Кезеңнің соңында қазіргі континенттердің ең көне бөліктері (қалқандар) протоплатформалардың консолидациясы аяқталған. Бұл құрылымдар ежелгі платформалар деп аталады, олардың ipreтасы архей мен төменгі протерозой тау жыныстарынан тұрады, ал оның беткі бөлігін жауып жатқан шөгінді жыныстары жоғарғы протерозой мен одан да кейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құралады. Протерозойдың соңғы кезеңдерінде (1,6-0,6 млрд жыл бұрын) барлық платформалар тұтасып, бip континент – Пангеяға бipiккeн, Тынық мұхит ойысы пайда болған. Байкал (рифей) тектоникалық циклінің нәтижесінде жер қыртысының бірқатар жаңа бөліктері платформалық кезеңге өтіп, көне платформалар қалыптасуын аяқтаған.
...