Сарысу ауданына физика-географиялық сипаттамасы
Автор: jenka96 • Апрель 25, 2018 • Курсовая работа • 7,303 Слов (30 Страниц) • 1,055 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
1 | САРЫСУ АУДАНЫНА ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА | |
1.2 | Сарысу ауданының топырағы және оның қасиеттері | |
1.3 | Топырақтың механикалық құрамы | |
1.4 | Аудан топырағының шаруашылыққа қолданылуы | |
2 | Сарысу ауданы топырағының экологиялық проблемалары | |
2.1 | ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ | |
2.2 | Топырақта мекендейтін жәндіктері мен микроорганизмдері | |
ҚОРЫТЫНДЫ | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
Кіріспе
Курыстық жұмыстың өзектілігі.Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын, өзен-көлін, тарихы мен байлығын, жалпы алғанда геграфиясын білуден басталады. Осынау өркиениетке ұмытылып отырған кезеңде өз жеріміздің әрбір обьектілерін білу және олардың қыр сырына үңілубасты міндет болып саналады. Осы тұрғыда жергілікті Сарысу ауданының топырақ экологиясын зерттеу мол ізденіс пен асқан жауапкершілікті қажет етеді. Бүгінде фосфор қорына бай Сарысу ауданының топырағы әлі де толық зерттелмеген. Аудан тарихы туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан өзге топырағы жөнінде жазылған материалдар өте аз. Қара алтын қорына бай? Сарысу ауданының топырақ экологиясын зерттеу-кезегін күтіп тұрған мәселе. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен. Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағдай жасау.Сол себепті осы мәселе тақырыптың өзектілігін айқындайы.
Курстық жұмыстың мақсаты - Сарысу ауданының топырақ жағдайына экологиялық тұрғыда баға беру. Осы аталған жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Сарысу ауданына физика-географиялық сипаттама беру.
- Аудан топырақтарын бойынша, талдау жұмыстарын жасау.
- Топырақтың экологиялық мәселелерін айқындау және оларды шешу жолдары
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Сарысу ауданының топырағы қарастырылды.
Зерттеу болжамы: Топырақ түрлеріне сипаттау беру. Топырақтың
механикалық құрамын және маңыздылығын тәжірбие жүзінде айқындау.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс тәсілдері саралау, зерттеулер, экологиялық бағалау, салыстыру, жалпылау, бақылау.
1. САРЫСУ АУДАНЫНА ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Сарысу ауданы – Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы — 31,3 мың км², тұрғыны 41 761 адам (2010). Аудандағы 26 елді мекен 9 ауылдық округке және 1 қалалық әкімшілікке біріктірілген.(1-кесте)
1-кесте.Сарысу ауданы
Ел: | Қазақстан |
Кіреді: | Жамбыл облысы |
Енеді: | 10 ауылдық округ |
Әкімшілік орталығы: | Жаңатас |
Құрылған уақыты: | 1928 жылы 3 қыркүйек |
Ресми тілі: | Қазақ тілі |
Тұрғыны (2011): | 41 761 |
Жер аумағы: | 31,3 мың км² |
| |
Аудан орталығы - Жаңатас қаласы. Географиялық орналасуы. Сарысу ауданы Жамбыл облысының батыс бөлімінде орналасқан?. Солтүстігінде Қарағанды облысымен, шығысында Қаратау ауданымен,ал батысында Шолаққорған ауданымен шектесіп, 46°31 және 48°0,5´ солтүстік ендікті, 49°26´ және 51°25´ шығыс бойлық аралығын алып жатыр.Яғни жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165км, ал батыстан шығысқа қарай 130км.
...