Олигарх Тимур Құлыбаевтың қолына өткен Алматы әуежайы
Автор: Rufilina • Май 31, 2023 • Доклад • 940 Слов (4 Страниц) • 216 Просмотры
Олигарх Тимур Құлыбаевтың қолына өткен Алматы әуежайы
[pic 1]
Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі Алматы қаласында орналасқан. Деректерге сүйенсек, 1935 жылы салынған екен. Алайда, оның 1994 жылы Мемлекеттік меншіктен шығарылғанын көбі біле бермейді. 2021 жылға дейінгі соңғы жалғыз акционер Амстердамда тіркелген Venus Airoport Investments болды. Бұл акционердің артында кім иелік етеді? Жеке қолға өткен әуежай кімге тиесілі екенін зерттеп көрдік.
“Қазіргі әуежай – мұңаю мен жемқорлықтың символы ғана”
Алматы әуежайы қала орталығынан 18 км қашықтықта орналасқан.
Қазіргі кезде Қазақстанға қомақты қаржы әкелетін мекеменің бірі. Десе де, осы күнге дейін, әуежайдың өркендеуі үшін мемлекет қаржысынан да аз
ақша құйылмады. Kase.kz ашық дереккөзі мәліметінше, 2011 жылға дейін әуежай "Meridian Capital" , "SAT Infosystems" акционерлеріне тиесілі болған. Құжат бойынша екі акционер жарты бөліктен алып, иемденіп келген. Бұл компанияның басқаратын адамдарда тегін емес болып шықты. Ол беделді кәсіпкер Кеңес Рақышев. 2011 жылдың сәуір айына дейін Кеңес Рақышевта әуежайдың жарты бөлік акциясы болған.
[pic 2]
kase.kz жариялаған 2011 жылғы иелік етуші акционерлер тізімі
Экономист Мұхтар Тайжан 2000 жылдар басында мемлекет ақшасына салынған әуежайдың кейін жекешелендіріліп кеткеніне қынжылды. Оның пікірінше, жекешелендіру кезінде тиын-тебен жұмсап сатып алғандар әуежайды ірі сомаға сатып, пайдаға кенелді, ал біз әдеттегідей айдың- күннің аманында кезекті стратегиялық нысаннан айырылып қалдық,-дейді. Мемлекетке тиеслі мекеме жеке адамның қолында болса тек сол адам пайда көреді. Ал бұл жерде әуежайға билет алып, пайда әкелетін халық. Былай қарағанда өздеріне о бастан тиеслі болмаған дүниеге қол сұғу баяғыдан жоспарда болған секілді.
Forbes дерегі бойынша 2011 жылы Venus Airport Investment Кеңес Рақышевқа тиесілі "Meridian Capital" , "SAT Infosystems" әуежай акцияларын сатып алады.
(https://forbes.kz/leader/tochka_prizemleniya_1606444454/)
Сду журналистика мектебінің студенттері ашық дереккөздерден сатып алу келісімшарты туралы құжатын іздегенімен, табылмады. Kase.kz -те Алматы әуежайына қатысты бағалы құжаттар жасырын сақталған.[pic 3]
kase.kz
Venus Airport Investment компаниясы мен Steppe Capital Pte Ltd холдингінің Тимур Құлыбаевқа қатысы қандай?
Venus Airport Investment компаниясы кімге тиесілі екені ешқандай БАҚ құралдарында айтылмаса да, артында Құлыбаев есімімен байланысты екені айтылып жүр.
Алматы әуежайымен Тимур Құлыбаевтың есімі “ассоциация” екені мәлім. Халықта соны жиі сөз етеді. “Халық айтса, қалып айтпайды” деген сөз бар. Мемлекет меншігінде болған әуежай олигарх Тимур Құлыбаевтың қолына өткені һәм белгісіз. Тимур Құлыбаев Қазақстанның экс-президенті
Назарбаевтың күйеу баласы. Қазақстаннан бөлек шетелде де бірнеше активтері бар. Әуежай Құлыбаевтың қолында деген әңгімелер жүрсе де, ол еш жерде дәлелденіп жазылмаған. Ешқандай құжатта оның тегі мен аты жоқ. Ал, әуежай акционері 100% - Venus Airport Investment компаниясы.
Бұл компания туралы негізгі ақпарат шетелде тіркелген. Құлыбаевтың шетелдегі холдингтары ішінде Steppe Capital Pte Ltd холдингі ерекше көзге түсті. Сингапурда тіркелген бұл компания ҚЗ бірнеше компанияларының үстінен иелік ететін болып шықты.
Хикая қалай бастау алды?
Ең алғаш болып Алматы әуежайының акциясын 2011 жылы Нидерланд елінің Venus Airport Investment B.V компаниясы сатып алған. Және содан бері қызмет көрсетіп келген.
Қазақстандық Forbes журналы былтыр қарашада бұл компанияның негізгі иесі – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев басқаратынын жариялаған.
...