Метеорология және климатология
Автор: Аягөз Саматова • Ноябрь 12, 2019 • Реферат • 22,967 Слов (92 Страниц) • 901 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Биология-география факультеті
География кафедрасы
«МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ КЛИМАТОЛОГИЯ»
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В060900 –«География»
мамандығы бойынша
Қарағанды – 2012
Құрастырушы: Жақатаева Бақытхан Тасановна
ҚарМУ доценті
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Метеорология және климатология» курсы бойынша несиелік технология бойынша, 5В060900 – «География» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Пән базалық міндетті компонентке жатады. Бағдарлама негізі ретінде «География- 050609» мамандығындағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ 22.06.2006 бекітіліп, 2007 жылы шыққан типтік оқу бағдарламасы алынған. ОӘК құрылымы 2012 ж. ҚарМУ шыққан оқу-әдістемелік құралы негізінде жасалды. Құрамында пән мазмұны, лекция тезистері, зертханалық, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, тесттік сұрақтар үлгісі, емтихан сұрақтары, реферат тақырыптары, бағалау критериі берілген.
«Метеорология және климатология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, 5В060900 – «География» мамандығы бойынша, /Құраст. Б.Т.Жақатаева.- Қарағанды: ҚарМУ басп., 2012.- 82 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SILLABUS
- Оқытушы жайлы мәлімет: Жақатаева Бақытхан Тасановна, ҚарМУ доценті, География кафедрасы, 413 каб., 3 корпус.
1.2. Пән: «Метеорология және климатология»,
Кредит саны – 2 – «5В060900-География» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Дәріс өтетін орын - 418 ауд, 3 корпус.
Оқу жоспарынан үзінді
Оқу түрі | Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Кре дит | Лек ция | Лаб. | СОӨЖ | СӨЖ | Бар лығы | Бақыл түрі |
Күндізгі | 4 жыл | 2 | 3 | 2 | 15 | 15 | 30 | 30 | 90 | Емти хан |
Сырт тай | 2 жыл | 1 | 2 | 2 | 9 | 5 | 8 | 68 | 90 | Емти хан |
1.3. Пререквизиттері: Бұл пәнді игеру үшін физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.); математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); Жер тану (Атмосфера) – сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
1.4. Постреквизиттері: Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазахстанның физикалық географиясы, т.б.
1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Пән мақсаты - атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Курс екі бөлімнен тұрады: метеорология және климатология. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені метеорология атмосфераның физикалық сипаттары мен процестерін зерттесе, климатология – сол метеорологиялық сипаттардың географиялық заңдылықтарын зерттейді. Климатология - географиялық ілім, себебі жер климаттары белгілі бір географиялық орындарда дамып, қалыптасады. Ал атмосфералық қүбылыстардың даму принциптері метеорологияға сүйенеді. Пәннің мақсаты: уақыт және кеңістік бойынша дамитын негізгі атмосфералық процестер мен құбылыстар, олардың өзгеру заңдылықтары жайлы білім жұйесін қалыптастыру. Сондықтан осы пән географ маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.
...