Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар
Автор: baaambi • Октябрь 13, 2024 • Реферат • 1,702 Слов (7 Страниц) • 18 Просмотры
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
БОӨЖ 1
Тақырыбы: Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар
Орындаған:{6В05203} Талей А.
Қабылдаушы: ТГД профессор Смагулова. С.
2024-2025 оқу жылы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Көшпелілер өркениетін зерттеу
2.Көшпеліліктің шығу тегі
3.Көшпеліліктің эволюциясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күн көрістің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы жәнеөркениеті.
Негізгі бөлім
1.Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер туралы
түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты.
Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпалар , тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта
ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы
сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сумдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттіңжаман қасиеттерінен таза больп көрінді.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің өас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі гұндарды "тағы-жабайылардың тұкымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзкарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелілер коғамын "әділетті, теңдікті коғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда
болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзіі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғану мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болганымен, мемлекетболған жок", — деп есептеген.
ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзкарасы әртурлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Ратцель, Гумплович, Торнвальд, Тойнби деген галымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, баска да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана уйренді" деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын куушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттін әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам". Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдың 20-40-жылдарынан бастан зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпенділердің қоғамдық құрылысына гана мен берді. Мысалы, А. П. Чулошников деген зерттеуші: "Көшпелілерде топтық қоғам болған жок, тек рулық. қауым болды", - десе, П. Кушнер:
"Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.
ХХ ғасырдың 30-жылдары С. П. Толстов пен Б. Я. Владимирцевтін көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардын соңына дейін әртурлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтын пікірі бойынша: "Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құл иеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құл иеленушілік қоғамы әскери құл иеленушілік демократия немесе патриархалдык монархия түрінде құрылды". "Көшпелілердегі меншіктін негізі жер ме, мал ма?" деген мәселенін төнірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: "Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдык қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жекеменшік құрады", — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: "Еуразия көшпелілері патриархалдык-феодалдык қоғамда өмір сүрді, осы топтық қоғамдағы меншіктін негізгі түрі малға қатысты жекеменшік болды, ал жер рулық қауымдық ортақ т иелігінде болды", — деген пікірді ұстанды.Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаган орта (табигат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халыктардың бірі - қазақ халқы далалы, шелейтті аймакты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудін тамаша үлгісін көрсеткен. XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлык жуйе идеологтары көшпелілікке қарсы шыға бастады."Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш"
...