Жер атмосферасы
Автор: ZhuldyzAbdikaiyr • Ноябрь 26, 2023 • Лекция • 502 Слов (3 Страниц) • 188 Просмотры
Жер атмосферасы
Жердің ауа қабаты географиялық кабықтың негізгі компоненттерінің бірі болып есептеледі. Атмосфера гидросферамен бірге қалыптасқан жер планетасының ауа қабаты. Атмосфераның географиялық қабықта маңызы өте зор, ол өлі табиғатта және тірі организмдерде болатын, яғни ауасыз болатын ешбір кұбылысты байқамаймыз. Онда жауын-шашынның болуы, өсімдіктердің өсуі, көбеюі, бәрі осы ауаның қатысымен болады. Ауасыз тірі организмдер еш уақытта өмір сүрмейді.
11
Атмосфераның құрамында көптеген газдар кездеседі, онын ішінде көбі азот 78 % -ке дейін, оттегі 21%- ке жуық Ал аргон, озон, көмірқышкыл т.б. инертті газдар 1 % - ке жуық болады. Олардың әрқайсысы өзінше қызмет атқарады, өзінше жері болады. Мысалы, азот табиғатта көптеп қолданылады. 0,03 % - көміркышқыл газы бұл газ атмосферада жылылық бөлінетін сәулелердің жылуын ұстап қалады. Бұның көмірқышқыл газы атмосферада жоқ болса температура -21 С -қа төмендейтін еді. Ал керісінше екі есе артса температура жоғарылайды. Егер бұрын цивилизацияға дейін көмірқышқыл газының негізгі көзі вулкандар болса,ал қазір завод, фабрика түтіндері әсер етеді. Жер шарында 2030- жылға дейін 0,05 -ке дейін көтерілуі керек екен. Сонда температура жер шарында + 2 С болады. Бұл кезде помостердегі мұздар ериді, ал мұхит деңгейі 5 метрге көтеріледі. Мұндай, яғни ол бірте -бірте көп еритін болады, бұндай кезде мұхит деңгейі 63 метрге дейін болады, бұл кезде көп материкті су басады.
Атмосферада аз мөлшерде кездесетін азон газының маңызы зор. Озон атмосфераның төменгі қабатында аз, ал көтерілген сайын ол көбейеді. Оның ең көп жері 25-26 км биіктікте жауын-шашыннан кейін көп болады. Озон қабаты күннен келетін ультра күлгін сәулелерді ұстап калады, ал ультра күлгін сәулелер өтіп кетсе микроорганизмдер қырылатын еді.
Атмосфера газдың құрамының сипатына карай екіге бөлінеді: шамамен 150-200 метрге дейінгі биіктігін "гомосфера" деп атаймыз. Мұнда сол биіктікте атмосфераның газдың құрамы өзгермейді сол қалыпта қалады. Ал 150-200 метрден жоғары оттегі мен азот біртіндеп азайып, сутегі, гелий көбейеді. Атмосферада температураның сипатына қарай ондағы болатын процестердің сипатына қарай вертикальді масштабта бірнеше кабаттарға бөлінеді. Мысалы, тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера.
...