Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геосаясаттың негізгі категориялары

Автор:   •  Февраль 16, 2023  •  Реферат  •  4,117 Слов (17 Страниц)  •  1,182 Просмотры

Страница 1 из 17

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Нархоз университетінің экономикалық колледжі

Реферат

Тақырыбы:Геосаясаттың

негізгі категориялары

Орындаған:Алпысбай Аниза

Тексерген:Қамзанова Айжамал

Алматы 2021

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Геосаясат пәні мен анықтамасы

Геосаясаттың негізгі категориялары

  1. Қорытынды

Кіріспе

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді.1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

Негізгі бөлім

Геоясаттың зерттеу пәніне байланысты өзіндік ұғымдары мен түсініктерi калыптасқан. Соның бiрi - әлемдік тәртіп ұғымы. Бұл - белгiлi бiр уақыт кезеңін де әлемдегі геосаяси күштердің арасалмағын бейнелейтін геосаяси құрылым. Жекелеген күштердің сандық және құрылымдык өзгерiстерi әлемдік тар тіпті өзгертеді. Мысалы, 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы әлемдiк тәртiптi тубе гейлі өзгертті: екі полюсті әлем көп полюсті сипат алды. Сонымен, әлемді тәртіпті күштердiн кеңістік арасалмағы деуге болады. Оны зерттеу үшін геосаясат көптеген басқа ғылым салаларымен бірігеді. Геокеңістік - геосаясаттың аса маңызды ұғымы. Өйткені кез келген геосаяси күштің кеңістікте өз орны бар. Осы кеңіс тiк орны аркылы мемлекеттің ғаламдық, аймактык және жергiлiктi деңгейдегі геосаяси жағдайы, оған ықпал ететін факторлар аныкталады. Геокеңістіктің аумақ ретіндегі табиғи-экологиялык, шаруашылық және т.б. ерекшеліктері мемлекеттің басымдылыктарын немесе осал тұстарын айқындайды.

Геосаясатта геокеңістікке бақылау жасау ұғымы бар. Ресей геосаясатшысы К.Э.Сорокин бул ұғымды экспансия түсінігімен байланыстырады. Ол экспансияны әскери агрессия ретінде ғана емес, ақпараттық, мәдени, дiни, саяси, экономикалық түрде болады деп есептейді. Қазіргі әлем - кикілжіндер мен ынтымақтасудың күрделі жүйесі. Осының барлығының түп негiзiнде геокеңiстiкке бақылау жасау мақсаты жатыр. Мысалы,әлемдегі аса ipi ұлтаралық бiрлестiктер көптеген елдерде өздерінің бөлімшелерін ашу аркылы бір жағынан экономикалық дамуға қол жеткiзедi, екiншi жағынан сол елдердiң экономикасына ыкпал ету мақсатын көздейді.

...

Скачать:   txt (65.1 Kb)   pdf (183.3 Kb)   docx (215.5 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club