Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүлінген жерлерді рекультивациялау

Автор:   •  Май 7, 2018  •  Реферат  •  5,741 Слов (23 Страниц)  •  3,649 Просмотры

Страница 1 из 23

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттықУниверситеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ-№5

Тақырыбы:«Бүлінген жерлерді рекультивациялау.»

Орындаған: Қалиева Мадина

                                                       Жерге орналастыру -3 курс студенті

Тексерген: Мылқайдаров Ә.Т.

                                                    Алматы, 2018

Мазмұны:

Кіріспе

І. Бүлінген және бүліне бастаған жерлерді рекультивациялау

1.1. Жерді рекультивациялау туралы түсінік

1.2. Рекультивациялау жұмыстарының бағытын таңдау

1.3. Рекультивациялау жұмыстарының биологиялық кезеңі

1.4.  Бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіру

ІІ. Жердің бұзылуы және оның агроэкологиялық жағдайға әсері

2.1. Бұзылған жерлерді рекультивациялау және антропогендік топырақ жасау

2.2. Бұзылған жерлерді орнына келтірудің және оларды пайдалану тәсілдері

2.3. Рекультивацияның даму тарихы

ІІІ. Техногенді бүлінген жерлерді игеру және оның халық шаруашылығындағы маңызы

3.1. Бүлінген жерлерді рекультивациялаудың мақсаты мен міндеттері

3.2. Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау

3.3. Жерді тиімді пайдаланудың бір жолы – жерлерді қайта қалпына келтіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүлінген жерлердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық және т.с.с. шаралардың кешені рекультивация деп аталады. Сонымен қатар рекультивацияның міндеттеріне айнала ортаның хал-ахуалын жақсарту да кіреді. Рекультивацияға карьерлер, олардың үзінділері және сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алаптарға, ормандарға, су қоймаларына немесе демалыс зоналарына айналдырылуы мүмкін. Ондай мақсаттарға жарамсыз жерлер әртүрлі құрылыс жүргізуге пайдаланылады.

Қалпына келтіру жұмыстарының мақсаты - тау кендерін өңдеу немесе құрылыс жүргізу нәтижесінде бүлінген немесе бүлінетін жерлерді халық шаруашылығы салаларында пайдалануда қолайлы жағдайларға жерді жеткізу. Бүлінген жерлердің қайшылық әсерінің нәтижесінде топырақ құнарлығын бүлінген жерлердің барлық жер санаттары мен бүлінген жердің маңындағы  жер учаскелер қалпына келтіреді. Бүлінген жерлерге жататын аумақты қалпына келтіру – технологиялық процестердің құрамды бөлігі болады. 

Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді.

1.1. Жерді рекультивациялау туралы түсінік

Ауыл шаруашылығынан тыс мақсаттағы жерді пайдаланушы кәсіпорындардың құрылуы, көп жағдайда жерді бұзуға әкеп соқтырып жатады. Алайда ол жерлерді қайта қалпына келтіруге болады. Ауыл шаруашылығынан тыс мақсаттағы кәсіпорындар, бұған дейін ауыл шаруашылығының қолданысында болған жерге өз нысандарын орналастырмастан бұрын, сол жердің топырағының құнарлы қабатын алу жұмысын жүргізуі тиіс.

Жердің бұзылуы деп адамның әрекеті арқасында жер өзінің шаруашылық маңызын түгелімен жойған жағдайын айтамыз. Бұзылған жерлер көбіне көп көршілес аумақтағы топырақты, суды, ауаны ластаудың көзіне айналады. Пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары ашық түрде жүргізілген жерлердің орнында  карьерлер, қауіпті жыралар қалады. Мұның барлығы ландшафтың деградациялануына әкеп соқтырады. Жердің бұзылуын, сонымен қатар, автомобиль жолдары да туғызады. Осындай жерлерді халық шаруашылығының әртүрлі салаларына қолдануға болатындай етіп қайта өңдеуді біз рекультивация деп атаймыз.

...

Скачать:   txt (87.2 Kb)   pdf (345.8 Kb)   docx (166.5 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club