Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жерді рекультивациялау

Автор:   •  Апрель 25, 2019  •  Реферат  •  788 Слов (4 Страниц)  •  560 Просмотры

Страница 1 из 4

Дүйсенбек Қанатбек

«ТАЛҒАМ МЕН ТОЛҒАМ»

1. Осы сұраққа дәл жауап беремін деп айта алмаймын. Алғашы өлең жолдары тіліме қалай оралды, немесе оны қағаз бетіне түсіргенім қашан еді? Әрі ойландым, бері ойландым – есіме түсіре алмадым... Мен күре жолдан алыс, шалғайдағы ауылда дүниеге келіппін. Ес біле бастаған шағымда көргенім – даладағы екі-үш үйдің жадау қалпы.Сыңсыған әйелдердің көз жасы, жұмыстан қажыған анамның бет-бейнесі.  Үйдің ортасындағы қып-қызыл от. Сол отты қолмен ұстап көргім келеді, бірақ жете алмаймын. Құлағымның алғаш шалғыны – жер түбінен аңырап, боздап келетін қызыл аруананың даусы. Оған қосыла шығатын желідегі аш ботаның зары. Жер ызыңы. Қазақ сөзі. Күй мұңы. Сонымен қатар, жадау жүздегі жұпыны қуаныш. Бейтаныс адамның анда-санда әкеліп беретін үшкіл хаты. Құмның келте көктемі. Таңдайға татыған уыз дәмі. Қылтиған жапырақтар. Күн күркірі. Рақымның нұры. Құм бетінде сайрап жатқан неше түрлі іздер... Осы секілді үзік-үзік елестер көңіліме сол сәби шақта жазылып қалған сияқты. Осы күндері ой қозғап, көңіл тербетіп, қағазға түсіріп жүргендерім – сол көріністер. Бәрі болмағанмен, дені.  Сөз өнерін діттеген себеім де – балалық шақтың мол әсері, оның мазасыз мақамы, ел басына күн туған тарихи кезеңнің сәіби жанындағы жаңғырығы болса керек. Ұлы Отан соғысының үлкенге де, кішіге де әсері, халқымыздың санасына, зердесіне ұялатқан небір асыл қасиеттері, адамгершіліктің биік нұсқалары – әлі де айтылуға тиісті, әркімнің де өзінше өрнектей беруіне әбден лайық ынтызар мұраты деп ойлаймын. Мен қайсы тақырыпты қозғамайын, мейлі, көңіл безбенім, ой таразым – сол кезең. Тарих сабағы. Ұлы Отвн соғысының тәжірибесі.

 Туған жер үшін киелі

Жүргенде ерлер соғысып,

Жетімді жетім сүйеді,

Бір үзім нанын бөлісіп.

Қайғының қайнар көзінен

Қайнап бір шыққан қасиет –

Секілді қанның өзімен

Жазылып қалған өсиет.

Байлыққа бүгін мақтанам,

Қолында жұрттың бар асыл...

Бәсеке-байрақм тек қана

Бөлмесе екен арасын...

Арманды әмен асыл ет,

Тілеуім осы, тобым да –

Қайғымен сіңген қасиет,

Қайғысыз кезде жоғалма! –

деуім де сол себепті.

2. Мен 1960 жылы ҚазГУ-ге оқуға түстім. Филология факультетіне сол жылы елу шақты студент қабылдандық. Бәріміз де шетінен өлең жазамыз. Жарысып жазамыз. Ә.Сараев, Т.Әбдіков, Қ.Мұқанбетқалиев, Ү.Уайдин, Б.Нұржекеев, А.Жақсыбаев, Т.Қаупынбаев, Т.Жанаев, Ж.Нұсқабаев, Қ.Уәлиев, кейінірек қосылған Қ.Жұмаділов пен А.Мекебаев... не керек, әйтеуір, көппіз. Студенттік кездің думанды екі-үш жылы көзді ашып-жұмғанша тез өте шықты. Бір қарасам... әлгілердің бәрі прозаға, немесе басқа жанрларға ауысып кетіпті. Содан бері курстас достарыма «араларындағы жалғыз ақын – менмін» деп әзілдеймін.

3. Поэзияда, әрине, шабытсыз қозғалыс жоқ. Көңілдің кейбір кездері... Көңіл күйіңнің көтерінкі, бәсіңкілігіне байланысты алыстан, өткен күндеріңнен елес, көрініс қылаң береді. Соған сай ырғақ, әуен естілгендей болады. Сосын образдық кесте, сөз бедері көрінеді. Бәрі бір жүйеге, келісімге келген кезде өлең шығады.

4. Әр кезде – әр қилы. Жылдың мына маусымында, тәуліктің мына әлетінде, күніне немесе айына мына мөлшерде жазамын деп айта алмаймын. Өлеңнің басты-басты шумақтарын әуелі көңілімде жазып аламын. Реті келген сәтте қағазға түсіремін. Сосын кешіп-пішіп, қырлап-сырлаймын. Бәре де сәтіне байланысты. Мәселен, мына бір:

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (90.3 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club