Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Біріккен Араб Әмірліктері

Автор:   •  Сентябрь 6, 2021  •  Реферат  •  2,235 Слов (9 Страниц)  •  918 Просмотры

Страница 1 из 9

Тарихы

Біріккен Араб Әмірліктері (араб.: الإمارات العربية المتحدة‎ [әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида], ағылш. United Arab Emirates), аббр. БАӘ — солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. КатарменСауд АрабиясыменОман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ-бұл жеті Араб мемлекетінің немесе әмірліктердің федерациясы, олардың ең әйгілелері Дубай және АбуДаби. Әмірлік-әмір немесе ханзада басқаратын аймақ. Тұрғындарының 96 пайызға жуығы мұсылмандар.1900 жылдың орта шеніне дейін арабтардың көпшілігі інжу тастарды алып- сату немесе түйе өсірумен күнелткен. 1950 жылдары ол жерден мұнай табылды.Сөйтіп, БАӘ 1970 жылдарға қарай әлемдегі экономикасы бай елдердің біріне айналды.

Біріккен Араб Әмірліктері немесе БАӘ Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Оның шығысында Оманмен және оңтүстіктегі Сауд Арабиясымен ортақ шекаралары бар, ал Катар мен Иранмен теңіз шекаралары бар. БАӘ 7 эмираттан тұрады. Әрбір әміратта оның басшылығы немесе оны басқаратын әмір бар, олар бірге Жоғарғы Кеңесін басқарады, ал 7 әмірлердің бірі – бір жылға ел президенті болып сайланады.

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ - Азиядағы Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет; Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатыр. Жері 86,3 мың км2. Халқы 9,4 млн. (2017). Астанасы - Абу-Даби қаласы. Әкімшілік жағынан 7 әмірлікке (Абу-Даби, Дибай, Шарджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Аджман, Рас әл-Хайма) бөлінеді. Елдің заң шығарушы өкімет орны - Жоғарғы федералдық совет, атқарушы өкіметі - Министрлер кабинеті. Үкімет басшысы - президент (шейх Саид бен Сұлтан ан-Нахайни). БАӘ бұрын Ұлыбританияның протеқтораты (Договорлық Оман) болды, 1971 жылғы 2 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Өсімдік және жануарлар дүниесі өте кедей. Халқының (арабтар, мұсылмандар) 95%-ке жуығы сауатсыз (50-ге тарта мектеп жұмыс істейді). БАӘ - экономикалық дамуы жағынан мешеу қалған ел. Әкономикасының басты саласы - мұнай өндіру. Мұнай кәсіпшіліктерінің көбі Абу-Даби (1970 жылы мұнда 32,8 млн. тонна мұнай өндірілді) және Дибай (4,2 млн. тонна, 1970) өмірліктерінің жерінде. Мұнай өнеркәсібі американ, ағылшын, жапон т.б. шетел капиталдарының қарамағында. Елдің шұрайлы жерлерінде құрма пальмасы және дәнді дақылдар егіледі. Шөлді, шөлейтті жағының тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен (түйе, жылқы) айналысады. Теңізден балың аулау, меруерт жинау дамыған. Темір жолы жоқ. Тас жолдар салынған. Негізгі көлік ретінде түйе пайдаланылады. Сыртқы сауда серіктесі - Ұлыбритания.

БАӘ үкіметінің мәліметі бойынша, елдегі мұнай қоры шамамен 98,6 миллиард баррельге бағаланады, оның басым бөлігі Абу-Дабиде орналасқан, ол шамамен 92 миллиард баррельге бағаланады, Дубайда шамамен 4 миллиард баррель, ал Шарджа 1,5 миллиардқа жуық. Закум кен орны елдегі «қара алтынның» көп бөлігін құрайды және Таяу Шығыстағы үшінші ірі мұнай кен орны болып табылады, ол шамамен 66 миллиард баррельді құрайды.

БАӘ тәулігіне орташа алғанда 2,9 миллиард баррельді өндіреді, ал 2030 жылға қарай өндірісті күніне 5 миллион баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Абу-Даби мемлекеттік ұлттық мұнай компаниясы (ADNOC) әлемдегі 12 ірі компания болып табылады және БАӘ-де өндірілген мұнайдың үлкен көлеміне жауап береді. Компанияның 16 филиалы бар және олардың барлығы мұнай өндірудің түрлі сатыларына қатысады, сондай-ақ қайраңда орналасқан жердегі әртүрлі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейді. ADNOC-да Умм-әл-Наре және Руэйсте орналасқан екі ірі мұнай өңдеу зауыты бар.

БАӘ-дегі ауыл шаруашылығы ел экономикасының кішкене бөлігін құрайды және 1990-ші жылдардың басында ол ЖІӨ-нің 4 %-нан азын құраған. Ауыл шаруашылығының басты салалары: Рас аль-Хайма, Умм әл-Кувейн, Дубайдағы Әл-Авир, Шарджадағы Вади-ад-Дайд және Аль-Фуджайрадағы басқа жағалаулар. Ауыл шаруашылығының жалпы алаңы шамамен 160 мың гектарды құрайды. Елде өсірілген негізгі дақылдардың бірі 1990-ші жылдары шамамен төрт миллион өсімдіктен тұратын финик пальмалар.

Дәнді дақылдар негізінен шағын оазистерде өсіріледі, ал мемлекет деңгейде әмірат фермерлерге жеңілдіктер береді. Үкімет пестицидтер, тұқымдар мен тыңайтқыштар үшін субсидиялардың шамамен 50 % қамтамасыз етеді. Үкімет сондай-ақ жабдықтарды несиелендіру және басқа да техникалық көмек көрсетеді.

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (152.1 Kb)   docx (559.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club