Ақмола облысындағы «Нұра» күн электр станциясы және Ақмола облысы, Қабанбай ауылындағы күн электр станциясы
Автор: Moldir19941994 • Октябрь 5, 2022 • Реферат • 6,669 Слов (27 Страниц) • 450 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы
[pic 1]
«ҚАЙТА ЖАҢАРАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ » пәні бойынша
№ 1 есептеу сызба жұмысы
Тақырыбы: Ақмола облысындағы «Нұра» күн электр станциясы және Ақмола облысы, Қабанбай ауылындағы күн электр станциясы. Станцияда қолданылатын күн қондырғылары. Ақмола облысындағы басқа да күн электр станциялары
Мамандығы: 6B07101 - «Электр техникасы және энергетика»
Орындаған:Сиқымбай Дінмұхамед
Тобы: ЭЭк 21-8
Қабылдаған: оқытушы Даукенова Нурия
_______ ___________ «____»_____________2022ж
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
Кіріспе 3
- Жалпы мәліметтер 4
- Күн энергетикасының даму тарихы 6
- Күн электр станцияларының түрлері және жұмыс істеу қағидасы 6
- Қазақстан күн энергетикасы 13
- Қазақстан күн энергетикасының әлеуеті 13
- Қазақстан күн электр станциялары 15
- «Нұра» және «М-КАТ Грин» КЭС-терін салыстыру 23
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
КІРІСПЕ
Энергетика әрбір мемлекет экономикасының іргетасы болып табылады. Жалпы электрэнергиясын өндірудің түрлері өте көп және барлығы әрқашан экологиялық тұрғысынан таза емес екендігі белгілі. Дәстүрлі энергетика көздері қоршаған ортаға зиянын тигізуімен қатар, олар сарқылатын қазба байлықтардың күшімен жұмыс істейді. Жер астындағы байлықтарды тауып, зерттеп, өңдеп және соңында тасымалдаудың өзі көп энергияны қажет ететін және бір-бірімен тығыз байланыстағы процесстер. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасы қазба байлық қоры жөнінен әлем бойынша алдыңғы орындарды иемденеді. Еліміздегі энергия өндірісінің 2/3-і жылу электр станцияларына тиесілі. Дәстүрлі энергия көздері негізінен көмір мен мұнай өнімдерін жағу арқылы электр энергиясын өндіреді. Қазақстандағы энергия тұтынуының қарқынды дамып жатырғанын ескеретін болсақ, қазба байлығымызды ұзақ мерзімге жеткізу қиынға соғады. Осы ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдалану – болашақтағы энергия тапшылық мәселесін шешудің негізгі кілті.
Жаңартылатын энергия көздері әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатыр. Қазіргі уақытта олардың саны және бірлік қуаттары айтарлықтай өсуде. Сонымен қатар, жыл сайын жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижесінде энергияның бұл саласының болашағы бар екені дәлелденуде. Жаңартылатын энергия көздері табиғаттың сарқылмайтын байлықтары – күн, жел және су энергияларын пайдаланады. Қазақстан жер көлемі жөнінен әлем бойынша 9- орынды иемденетінін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерінің еліміздегі әлеуеті жоғары екенін көре аламыз.
...