Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аймақтық метаморфизм таужыныстары, олардың жіктемелері және петрографиялық сипаттамалары

Автор:   •  Май 10, 2022  •  Реферат  •  878 Слов (4 Страниц)  •  334 Просмотры

Страница 1 из 4

                                             СӨЖ – 2

Аймақтық метаморфизм таужыныстары, олардың жіктемелері және петрографиялық сипаттамалары

Жоспар:

  1. Метапелиттік таужыныстар
  2. Метабазиттік таужыныстар
  3. Метакарбонатолиттік таужыныстар
  4. Метасилициттік таужыныстар.

         Метапелиттік таужыныстар. Филлиттер сазтастар мен сынықты–сазды таужыныстардың аймақтық метаморфизмнің төмен температуралық жағдайында өзгеруінен қалыптастады. Оларға жұқа тақтатастық,  бүрме тақтатастық бітім, майда түйірлік тән. Тақтатастық беттері жібек тәрізді жылтыр келеді. Құрылымы реликтілік, микролепидобластық, микрогранолепидобластық болады. Түсі сұрдан қара сұрға дейін, кейде жасылдау, қоңырлау келеді. Филлиттер негізінен серицит пен кварцтан тұрады, аздап хлорит, альбит, карбонаттар кездеседі.

Кристалды тақтатастар орта, жоғары - дәрежелі метаморфизмде  қалыптасады. Олар көбінесе ашық түсті тақтатасты таужыныс боп келеді. Құрылымы орта-ірі кристалдық, лепидобластық, гранолепидобластық, порфиробластық. Басты минералдары слюдалар - мусковит пен биотит, едәуір шамада кварц кездеседі. Кристалдық тақтатастарда кордиерит, гранат (альмандин), ставролит, андалузит, силлиманит сияқты минералдардың болуы да тән.

Гнейстер аймақтық метаморфизмнің жоғары сатысында шөгінді де, магмалық та метапелиттердің өзгеруінен пайда болады. Гнейстер негізінен ашық түсті таужыныс, кейде сұр түрі де кездеседі. Олардың ең басты минералы далашпаттар болады. Олар микроклин мен олигоклаз, кейде андезин боп келеді. Кварц көбінесе гнейстерде едәуір кездеседі. Гнейстерде фемалық минералдар биотит, кейде горнбленд не пироксен болып келеді. Гнейстерде гранат (альмандин), ставролит, андалузит, силлиманит, кордиерит сияқты минералдар да кездеседі. Олардың бітімі тақтастасты, шомбал, жолақтық, көздік, құрылымы гранобластық, лепидогранобластық, гетеробластық, порфиробластық болады. Магмалық таужыныстар бойынша болған гнейстерді ортогнейстер деп, ал шөгінді таужыныстар бойыншаларды парагнейстер деп атайды.

Мигматиттер (грек. Мигма – қоспа) құрамы, құрылысы жағынан күрделі келеді. Олар кварц-далашпатты оқшау агрегат пен метаморфтық субтраттан тұрады. Кварц-далашпатты агрегатты лейкосома дейді, ол құрамы жағынан гранитке сәйкес келеді. Метаморфтық субстратты палеосома дейді, ол гнейс пен амфиболитке жақын келеді.

Қышқыл гранулиттер метапелиттердің аймақтық метаморфизмде ең жоғары температурасында  қалыптасады. Сондықтан оларда слюдалар, амфиболдар кездеспейді. Қышқыл гранулиттер негізінен ортоклаз, плагиоклаз (олигоклаз, андезин), кварцтан тұрады. Олардың құрамында аздап гранат (альмандин-пироп), гиперстен, диопсид, силлиманит, кордиерит те кездеседі. Қышқыл гранулиттер ашық түсті, шомбал, кейде жолақтық не аздап тақтатастық бітімді болады. Құрылымы ұсақ кристалдық гранобластық, гетеробластық. Оларда карц көбінесе табақ пішіндес келеді.

Метабазиттік таужыныстар. Жасыл тақтатастар негізді және орта эффузиялық таужыныстар мен олардың туфтарының, әксаздар мен граувакк құрамды сынықты таужыныстардың төмен температурада аймақтық метаморфизмінен қалыптасады. Олардың бітімі тақтатастық, құрылымы ұсақ түйірліден ірі түйірліге дейін, реликтілік, гетеробластық, гранолепидобластық, гранонематобластық, фибробластық болады. Жасыл тақтатастардың басты минералдары хлорит, актинолит, альбит, эпидот, серицит, кальцит болады.

Амфиболиттер  аймақтық метаморфизмнің орта және жоғары температуралық жағдайындағы негізді және орта магмалық таужыныстардың, олардың туфтарының, әксаздардың, граувактардың қайта кристалдануынан пайда болады. Амфиболиттер негізінен плагиоклаз бен горнблендтен тұрады. Оларда горнбленд 35%-дан кем болмайды. Амфиболиттерде қосымша минерал ретінде пироксендер, биотит, калишпат, гранат, кварц, эпидот кездеседі. Эпидотты амфиболиттер орта температурада  қалыптасады. Оларда плагиоклаз 10-30 нөмірлі болады. Жоғары температуралы амфиболитте плагиоклаз андезин боп келеді. Температура одан ары жоғарылағанда амфиболитте гранат, пироксен пайда бола бастайды. Магмалық таужыныстар бойынша қалыптасқан түрін ортоамфиболит, шөгінді бойыншаны параамфиболит деп атайды. Амфиболиттердің бітімі шомбал, жолақтық, тақтастық, болады. Соңғы түрін амфиболиттік тақтатастар деп атайды. Құрылымы орта кристалдық, гранобластық, гранонематобластық, нематобластық, порфиробластық, реликтілік боп келеді.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (97.7 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club