Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Іле - Алатаудаңғы өсімдіктермен жануарлар дүниесі

Автор:   •  Октябрь 4, 2019  •  Реферат  •  5,068 Слов (21 Страниц)  •  866 Просмотры

Страница 1 из 21

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Агробиология» факультеті

«Экология» кафедрасы

Бекітемін

Факультет деканьі

__________Махамедова Б.Ж.

«____»___________2019 жыл

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ

Тақырыбы: «Іле - Алатаудаңғы өсімдіктермен жануарлар дүниесі»

Алматы 2019 жыл

Мазмұны

I.    Кіріспе

  1.1  Ұлттық паркінің жалпы сипаттамасы және құрылу тарихы;

  1.2  Іле  - Алатау ұлттық паркінің жалпы құрлымы.

II.   Ұлттық мемлекеттік паркіндегі өсімдектер әлемі.

III.  Іле  - Алатау паркіндегі жануарлар дүниесі.

IV.  Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген түрлері.

V.   Қорытынды.

VI. Пайдаланған әдебиеттер.

       Өндірістік практика өткен жері:  Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Медеу филиалы.

       Өндірістік практика мақсаты:

  •   Өндірістік тәжірбие барысында білімімді жетілдіру;

  •   Өндірістік тәжірибеге байланысты керекті деректерді жинау;

  •  Өндірістік тәжірбиеге қатысты құжаттармен, экологиялық заңдармен танысу.

       Өндірістік практика міндеті:

  •   Білімімді жетілдіру үшін Іле – Алатауы меемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Медеу филиалының білікті мамандарының көмегңмен бақылау, экологиялық норматифтер, заңдарды талдау жасап үйрену.

  •   Мәліметтерді рәсімдеу;

  •   Нормативті құжаттамаға сәйкес анализдер жүргізу

     Өндірістік практика өту барысы:

         Өндірістік практиканың алғашқы күндері Алатауы меемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Медеу филиалының зерттеу  жұмыстарымен және мекеме басшылығының таныстым.

         Өндірістік практика тақырыбым:Іле - Алатауы меемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

         Алынған зерттеу нәтижелерін қағаз бетіне түсіріп, алдағы есеп үшін мәліметтер дайындалады.

I Кіріспе

Іле Алатауы, Алматы Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота жүйесі. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км.

Қаскелең мен Түрген өзендерінің аралығындағы орталық бөлігі биік. Мұнда гляциалдық-альпілік жер бедері – қырлы жалдар, сүйір шыңдар, қия жартастар, қарлар таралған. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғаршыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да осында шоғырланған. Шілік және Кемін өзендерінің бастауында Іле Алатауы Күнгей Алатауына жақындап, Шілік-Кемін тау түйінін құрайды. Орталық биік бөлігінен батыс және шығысқа қарай жота біртіндеп аласарады. Жотаның шығыс бөлігі ұзына бойғы аңғарлармен бір-біріне бақталасып бәсеклесіп қалмай  жарыса созылып кететін БақайСарытауСөгетіБұғытыТорайғыр тау тізбектеріне бөлшектелінеді. Батыста беті тегістеу келген ҚастекКіндіктас аласа тауларына өтеді. Іле Алатауының оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген. Солтүстік беткейі біршама көлбеу. Орта таулы өңірден төменде тау алдының адырлары айқын байқалады.

Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас және тақтатастарынан түзілген. Каледон тау түзілімінде пайда болған жота силурден бастап ұзақ уақыт денудацияға ұшырап, аласарған. Неогенмен антропогендегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде денудациялық жазықтар мен ұсақ шоқылардың орнына биік таулы жер бедері түзілген. Тектоникалық қозғалыстар қазірге дейін жалғасуда. Плейстоценде бірнеше қайтара мұз басуға ұшыраған.

Климат жағдайлары биіктік белдеміне сәйкес. Шілденің орташа темпаратурасы тау етегіндегі аңғарларда 20 – 25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі. Қаңтардың орташа температурасы етегінде –6 – 8°С. Температуралық инверсияға байланысты 1500 – 1600 м биіктікке дейін біршама жоғарылайды да одан әрі қайтадан төмендейді. Жылдық жауын-шашын тауалды өңірінде 500 – 600 мм-ден биік, таулы белдеуде 800 – 900 мм дейін. Іле Алатауыда жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Ең ірісі – Корженевский мұздығының ұзындығы 4,7 км. Өзендері Іле мен Шудыңалабына жатады. Олардың суға молығуында мұздық пен қар суы негізгі орын алады. Табиғат белдеулері солт. беткейінде толық көрінеді. Шөлейт, қуаң дала, әр түрлі шөпті, бұталы, орманды-шалғынды дала, субальпі және альпі белдеулері айқын жіктелген. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Солтүстік бөктерінде – Алматы қаласы орналасқан. Кіші Алматы өзені аңғарында селге қарсы бөгет салынған.

...

Скачать:   txt (64.6 Kb)   pdf (254.7 Kb)   docx (70.4 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club