Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Радиациялық және химиялық қорғаныс

Автор:   •  Апрель 2, 2018  •  Лекция  •  1,700 Слов (7 Страниц)  •  1,472 Просмотры

Страница 1 из 7

Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы

полковник                          А. Айтов

             «___»_____________20___ж.

Оқу құралы

 «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша студенттермен оқытушының өзіндік жұмысына арналған

Тақырып №6: «Радиациялық және химиялық қорғаныс»

Оқу мақсаты:

  • радиациялық және химиялық апаттардың алдын алумен қорғану шарларын оқу;
  • газқағардың шлем маскасын дұрыс таңдай білу;
  • жеке қорғаныс құраладрын қолдану бойынша нормативтер тапсыру;
  • хабарлау сигналдары бойынша іс-әрекет жасай білу.

Тәрбиелік мақсаты: төтенше жағдайлар кездерінде радиациялық және химиялық қорғанысты ұйымдастыруға белсенді атсалысу.

Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Бірінші сұрақ бойынша қысқаша радиациялық және химиялық апаттардың алдын-алу және қорғану шаралары қарастырылады.

Екінші сұрақ  бойынша нормативтер орындалуы ұйымдастырылады. Бастапқыда нормативтер уақыт есептелмей орындалады, соңынан нормативтерді уақытқа орындайды. Нормативтерды орындау кезінде техника қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінеді.

Әрбір сұрақтан кейін оқытушы студенттерді сапқа қойып қысқаша қорытынды жасап, келесі оқу сұрағын жариялайды және оны орындауға кіріседі.

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.

Тақырыпты оқыған кезде студенттер білу тиіс:

  • радиациялық және химиялық апаттардың алдын алу және қорғану шараларын білу;
  • газқағардың шлем-маскасын таңдай білу;
  • тыныс алу органдарын қорғайтын қорғану заттарны пайдалана білу және хабарлау сигналдары бойынша әрекет ете білу.

а) Әдебиеттер

1. Ж.К.Аманжолов, Л.Х.Балабас «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». Астана, 2009 ж.

2. П.П.Кукин. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». М-2003 ж.

3. «Теріні және тыныс органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары». Оқулық.  Астана 2007 жыл.

б) Құрал-жабдықтар:

- газқағар мен респиратор -  әрбір студентке;

- секундомер.

 

1 СҰРАҚ. Радиациялық және химиялық апаттардың алдын алу шаралары мен қорғану.

Радиациялық және химиялық апаттардың зақымдау факторларының әсерінен қорғану, алдын-алу үшін өткізілетін негізгі іс- шаралар:

  • апат жағдайында халықты хабарландыру және іс-әрекеті жөнінде информация беру;
  • паналау ғимараттарын пайдалану;
  • жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
  • уланған су мен тағамды пайдаланбау;
  • халықты эвакуация жасау;
  • тыныс алу органдарын газқағар, респиратор, суланған дәке көмегімен қорғау;
  • есік-терезені, вентиляцияны сөндіріп, радио- телевизорды қосып қосымша хабарларды күту;
  • азық-түлікті полиэтилен ыдыстарда , суды қақпағы жабылатын ыдыстарда сақтау;
  • апаттан кейінгі уақытта дайындалған жеміс- жидектерді, суды пайдаланбау;
  • жеке гигиена шараларын сақтау;
  • эвакуацияға дайын болып, азық- түлікті, ақшаны, құжаттарды, жеке қорғаныс құралдарын дайындап отыру;
  • хабар келген кезде жақын орналасқан ғимаратты пайдалану.

2-СҰРАҚ. Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар және оларды пайдалана білу.

           

Радиациялық немесе химиялық төтенше жағдай туындаған кезде жеке қорғаныс құралдарын пайдалана білу үлкен роль атқарады.

Қарсыластың шабуылы жағдайында халық түгел жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі керек. Жеке қорғаныс құралдарын жұмысшылар мен қызметкерлер өз жұмыс орындарынан, ал жергілікті халық Азаматтық Қорғаныс ұйымдарынан қамтамасыз етіледі және бұл заттар адамдарға жақын жерде болуы керек.

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (152.3 Kb)   docx (21.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club