Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы
Автор: ainamuratkalievn • Февраль 16, 2022 • Доклад • 492 Слов (2 Страниц) • 733 Просмотры
Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы
Ішкі еңбек тәртібінің ережелері ҚР Еңбек кодексіне және «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының Жарғысына сай құрастырылған, қызметкерлер мен бақша әкімшілігі тарапынан міндетті ішкі еңбек тәртібі сақталады. Ереже еңбек шарты жасалған барлық қызметкерлеріне таныстырылды.
Яғни бақшаның әр қызметкері лауазымдық міндеттерін орындайды, еңбек шартын сақтайды.
Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы КМҚК 1 жастан 5 жасқа дейін балалармен жұмыс істейді. Бала саны-60. 4-топ.
Бақшада барлығы -35 қызметкер жұмыс істейді. Оның 14—і педагог кадрлар.
Күн тәртібі: балалардың болуы 10,5 сағат, 8.00-ден 18-30 дейін, бес күн жұмыс аптасы.
Бақшаның әрбір қызметкері төмендегі ішкі еңбек тәртібі ережелерін қатаң түрде сақтауға міндеттеледі.
1.Бақшаның Жарғысында, ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқауларында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындау;
2.Еңбек тәртібін сақтау – жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, әкімшіліктің бұйрықтарын уақытында орындау;
3.Еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, өндірістік санитарлық, өртке қарсы ережені және алдын-ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау;
4.Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды ретпен сақтау;
5.Медициналық тексерістер туралы нұсқауларында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен, қажетті егілуден өту.
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері:
1.Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметі немесе серуенге шыққан уақытында тәрбиеленушілердің өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді.
2.Тәрбиеленушілердің жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде хабарлауы тиіс.
3.Тәрбиешілер тәрбиеленушілерді бақшаның мүлкіне ұқыпты қарауды үйрету, жылу, электрэнергияны, материалдарды үнемді қолдануға дағдыландыру;
4. Тәрбиеленушілерді топтарда қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Педагогтар тәрбиеленушілерді оқу қызметтері аяқталғаннан кейін келесі жағдайдарда тәрбиешінің көмекшісімен қалдыруға рұқсат етіледі.
- жиналыстар өткізілгенде;
- қоғамдық іс шаралар кезінде және дайындық кезінде;
...