Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топты жинақтау. Үйірме мүшелерін жылдық жопсармен таныстыру

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Лекция  •  405 Слов (2 Страниц)  •  981 Просмотры

Страница 1 из 2

Күні: 17.09.18ж (2-сағат)

Тақырыбы: Топты жинақтау. Үйірме мүшелерін жылдық жопсармен таныстыру.

Мақсаты: Жалпы туризм туралы түсінікті оқушы тұлғасына жете түсіндіру. Туризмнің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда айыра білу. Туризмге деген ерекшелікті өз бойларынан да таба білулеріне жол ашу; Пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Танысу тренингі.

Оқушылар бәріміз ортаға шығып шеңбер құрып тұрайық. Біз сендермен танысу тренингін өткіземіз. Тренинте «Бірінші оқушы өз аты – жөнін айтады және мен походка ..... алып шығамын деп айтады. Екінші оқушы дәл осылай бірінші оқушының айтқанын қайталап, өзі туралы айтады. Ойынымыз осылай арық қарай жалғаса береді. мен бастаймын: Мен Сандугаш Саматқызы. Мен паходка шайник алып шығамын. Келесі оқушы жалғастырады.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қысқаша туризм туралы түсінік беру:

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

Үйірменің жылдық жоспарымен оқушыларды таныстыру.

ІІІ. Бекіту.

Туризм деген не? Туризмнің қанша түрі бар?

ІV. Қорытынды. Оқушылардың пікірін анықтау.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (45 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club