Өндіріс процесiн ұйымдастыру әдістері
Автор: Aruzhan1900 • Март 16, 2023 • Лекция • 479 Слов (2 Страниц) • 173 Просмотры
ӨНДІРІС ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Өндірісті ұйымдастырудың үш түрлі негізгі әдістері қарастырылады: 1) лекті әдіс; 2) топтық әдіс; 3) бірлік әдіс.
Лекті әдіс осы әдістердің ең тиімдісі болып табылады. Ол келесі белгілермен сипатталады:
- әрбір жұмыс орыны тұрақты өндірістік операцияларға және белгілі өнім түріне мамандандырылады.
- жұмыс орындары технологиялық процесс бойынша ретті орналасады.
- барлық немесе бірнеше жұмыс орындарында операциялар бір мезетте орындалып отырады.
- еңбек құралдары технологиялық процесс жүрісі бойынша бір бағытқа ауысып отырады. Ол өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бір текті немесе бір атаулы өнімдер шығарылады.
Лекті өндіріс процесі шағын жұмысты орындау кезінде арнайы станоктар мен машиналарды енгізу арқылы ұйымдастырылады. Бұл әдіс еңбек өнімділігін артыруға ықпал етеді. Көбінде ірі сериялық кейде бірлік типті өндірісте қолданылады. Өндіріс легі үздікті процесті және үздіксіз процесті болып бөлінеді. Үздіксіз өндірістік процестердің негізгі параметрлері мыналар: - операциялар қарқыны; - такт.
Операция қарқыны дегеніміз – уақыт бірлігіндегі бір операцияда шығарылатын құралдардың (бөлшектер) саны.
Такт дегеніміз – операцияларындағы еңбек заты мен өнім шығаратын уақыт кезеңі.
Лекті өндірістегі операция ұзақтығы t және такт немесе ритмнің [pic 1]оп сәйкестендірілуі операцияның синхронизациясы деп аталады. Яғни, үздіксіз лекті өндірісте операциялық циклдың теңесу шарты орындалуы керек. Жекеленген операциялар уақыты тең болуы тиіс – ол такт түсінігін білдіреді.
Сонымен, такт дегеніміз – екі өнімді шығару арасындағы уақыт интервалы.
Лекті өндіріс қайталанып отыратын ритмге негізделген өнімді өндірудің қатаң бір бағыттары бойынша операциялар орындалады. Мұнда цикл ұзақтығының ең қысқа тиімді жолдарын қамтамасыз етеді, және өндіріс үздіксіз жүреді.
Топтық әдіс келесі сипаттамалардан тұрады. Арнайы график бойынша бөлшектер партиямен шығарылады. Бұл әдіс жаппай өндірісті кәсіпорындардың жекеленген участоктарында кездеседі. Мысалы: дайындаушы цехтарда қолданылады. Осы әдіс бойынша стандартты графиктер, нормативтер еңгізілу нәтижесінде барлық учаскелерде біркелкі жұмыс орындалады.
...