Қаржылық дағдарыс
Автор: guldaan__ • Март 5, 2019 • Доклад • 854 Слов (4 Страниц) • 625 Просмотры
Қаржылық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан да ең алдымен кәсіпорын ұғымына анықтама беріп кетуді жөн көрдім. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарлыған жұмыстар дәлелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты – кәсіпорынның жұмыс істегендегі шығыны мейлінше аз, ал пайдасы барынша көп болатындай етіп, сондай бейімделумен нарықты жақсарту деп түсіндім.
Ал, енді қаржылық талдау ұғымына тоқталып кетсек, қаржылық талдау – шаруашылық субъектісінің өндірістік, шаруашылық, сауда-саттық және т.б. қызметтердің құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы арқылы оның қызметінің қорытындысын білуге болады. Кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелері тек қана оның жұмыскерлерін ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, оларға мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т.б. жатады. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдауын өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық процесте осы талдаулардың рөлін арттырады, қаржылық талдаудың элементі болып табылады.
Кәспорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы, пайдасы мен шығындары туралы, активтері мен пассивтерінің өзгерістері туралы, дебиторлармен және кредиторлармен есептесудің жағдайы туралы мәлімет беретін көрсеткіштердің жиынтығын анықтау.Қаржылық талдаудың негізгі мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау болып табылады.Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның қызметін талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Жалпы қаржылық жағдайды талдау: ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Жеке тоқталатын болсақ, ішкі қаржылық талдау – өзі аталып тұрғандай, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасуын, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау – инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы болып табылады.
...