Отчет по практике в «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
Автор: Bazarbai_Nazgul • Июнь 21, 2023 • Отчет по практике • 4,074 Слов (17 Страниц) • 161 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты » ММ жалпы сипаттама | 6 |
1.1 «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты »ММ құрылу тарихы және негізгі қызметтері | 6 |
1.2 «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ функциясы мен құқықтары | 7 |
1.3 «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты »ММ миссиясы мен міндеттері | 9 |
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ кадрлық жұмысына талдау | 11 |
2.1 Персоналды басқару бөлімінің 2023-2024 жылдардағы көрсеткіші | 14 |
2.2 Ұйымда кадр саясатын қалыптастыру процесі | 16 |
2.3 Кадр бөлімінің мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауы | 18 |
Қосымша ақпарат | 21 |
Қорытынды | 22 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 23 |
Кіріспе
Өндірістік практика мақсаты. Баишев Университетінің түлегі мемлекеттік және жергілікті басқару саласында тек теориялық білім иеленуге ғана емес, сонымен қатар өндірістік тапсырмаларды шығармашылық түрде шешуге, еңбек ұжымын баскаруда дербес шешім қабылдауға міндетті. Осыған байланысты өндірістік практика мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдармен катар, коммерциялық кұрылымдар үшін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалаврларын дайындауда оқу үдерісінің ажырамас бөлігі және маңызды элементі болып табылады. Өндірістік практика мемлекеттік және жергілікті басқару саласында негізгі құзыреттерді нығайту, өндірісте өндірістік бейімделушілік кезеңін қысқарту, өндірістік қызметге практикалік дағдыларды және практикалік алу мақсатымен жүргізіледі.[1]
Өндірістік практика мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.
Білім алушы өндірістік практикадан өтетін кәсіпорын қызметіне катысты заңдарды, жарлықтарды, ережелерді және барлық материалдарды меңгерулері қажет.
2.Өндірістік практиканың құрылымы:
1. Мемлекеттік мекеменің қызметімен және құрылымдық бөлімдер арасында атқарылатын қызметтердің бөлінуін сипаттау
Мемлекеттік мекеменің қызметімен және құрылымдық бөлімдер арасында атқарылатын қызметтердің бөлінуін сипаттау және қызметкерлердің лауазымдық міндеттері; Мекеменің соңғы жылдардағы қаржылық есебіне берілген түсіндірме хатын зерделеу және оны талдау жүргізуде пайдалану. Мемлеттік мекеменің жарғысымен танысу. Мемлекеттік қызметтер статусымен, және оны құқықтық реттейтін заң актілерімен танысып білу. Мемлекеттік басқару ( басқару иерархия) ұйымдық құрылымын зерттеу, олардың функциялары мен өкілеттіктерін заңнаманы сақтауына сәйкес қарастыру.Мемлекеттік органның әр түрлі департаменттер мен басқармалардың құжаттарын рәсімде, озық басқару әдістерін,мемлекеттік мекемелердегі басқару саясатының мазмұнымен ережелерін игеру.[2]
2. ҚР нормативтік актілерімен танысу
Мемлекеттік мекемелердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, ведомстволық нұсқаулықтар, ережелер, ұсынымдарды зерттеу.
3. Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру , оның мерзімдерін , жиілігін, қайта даярлау курстарының басқа тақырыптарын қарастыру.Персоналды басқару
Мекеменің персоналды басқару жүйесін қарастыру кезінде штаттық кестесін, қызметкелердің лауазымдық міндеттерін ,еңбек шартын жасау тәртібін қарастырып кадрлерді таңдау,іріктеу және оқыту процесін талдау керек., ( персоналды қайта даярлау); персоналдың еңбек нәтижесін бағалау. Студент келесі бағыттар бойынша персоналды басқаруды ұйымдастыруды талдауға міндетті:
...