Натуралды шаруашылық дегеніміз не?.Тауарлы шаруашылық дегеніміз не?
Автор: ainame • Май 26, 2024 • Контрольная работа • 1,695 Слов (7 Страниц) • 74 Просмотры
Натуралды шаруашылық дегеніміз не?.Тауарлы шаруашылық дегеніміз не?
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Негізгі белгілері:
• өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру өте қарапайым келеді;
• өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес болып шықты.
Тауарлы шаруашылық - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылықтың түрі. Тауар өндірісі натуралды шаруашылыққа қарама-қарсылық ретінде пайда болды. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
• жеке меншіктің пайда болуы;
• тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
• еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
• қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
• экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар және оның қасиеттеріне сипаттама бер?
Тауар дегеніміз сату үшін өндірілген еңбек өнімі. Өндірісте негізгі шешуші категория тауар болып табылады. Оны әркім әр түрлі түсінеді. Мысалы, маркстік теорияда тауар сатуға арналған адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды:
А. Тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат;
В. Тауар- еңбек жұмсалған зат.
С. Тауар сатуға арналған зат болып табылады.
Тағы бір мысал, австриялық экон-қ мектептің өкілі К.Менгердің пайымдауынша, тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экон-қ игілік ретінде анықталады. Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерге алуға болатындарды жатқызады. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептерде еңбек арқылы өндірілетін пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғи сыйлар мен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатындығын мойындайды.
Тауардың екі қасиеті бар:
1) қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті;
2) басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Тауардың қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарға айырбастала алу қасиеті айырбас құны деп атады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи кезеңдеріне сипаттама бер?
Қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы және дамуы адамдар қызметінің алуан түрлерге жіктеліп, оқшаулануы негізінде жүзеге асады. Қоғамдық еңбек бөлінісі – еңбек экономикасының және оның өнімділігін өсіріудің маңызды факторы.
...