Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай (газ, конденсат)

Автор:   •  Сентябрь 26, 2018  •  Статья  •  674 Слов (3 Страниц)  •  788 Просмотры

Страница 1 из 3

Мұнай (газ, конденсат) қорлары сол қорлар шоғырланған кенорынның зерттелу дәрежесіне, қордың өнеркәсіптік маңызына, өзге де сапалық көрсеткіштеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұлардың ішінде "кәделі қорлар", "тастанды қорлар", "өндірілмек қорлар" және "өндірілмейтін қорлар" деп аталатын қор түрлері өндіріс үшін мейілінше маңызды.

Кәделі қорлар (запасы балансовые) - өнеркәсіптік мардымдылығы (кондициясы) мен игерудің тау-кен-техникалық жағдайы жағынан қойылатын талаптарға сай, өндіріліп алынуы қазіргі кездің өзінде экономикалық тұрғыдан тиімді болып есептелетін мұнай(газ, конденсат) қорлары.

Тастанды қорлар (запасы забалансовые) -нақ қазіргі таңда өндіріліп алынуы түрлі себептерге байланысты (мұнайдың, газдың, конденсаттың сапасы төмен, игеру жағдайы өте күрделі, тұтыну аймағынан өте қашық орналасқан, т.б.) экономикалық тұрғыдан ұғымсыз, алайда болашақта өнеркәсіптік игеру нысаны ретінде қаралуы әбден ықтимал қорлар жиынтығы.

Кәделі қорлар, өз кезегінде, өндірілмек және өндірілмейтін қорларға - 72 - жіктеледі. Өндірілмек корлар (запасы извлекаемые) - бүгінгі жетік техниканы игерудің озық әдістерін толықтай, әрі барыншаұтымды пайдалану арқылы өндіріп алуға болатын, осы өндірунәтижелері экономикалық тұрғыдан ұтымды болатын қорларжиынтығы. Өндірілмейтін корлар (запасы неизвлекаемые) – игерудіңбүгінгі әдістері көмегімен өндіріп алу мүмкіндігі толығымен шектеуліқорлар мөлшері. Мұнайдың (газдың, конденсаттың) өндірілмекқорлары кәделі қорлар мен өндірілмейтін қорлардың айырмасын құрайды:

Qөн = Qкә - Qөм

Қорлардың А категориясы - түбегейлі барланған, яғни жеткілікті дәрежеде ұңғымалар бұрғыланып, сол ұңғымалар мұнай мен газдың өнеркәсіптік ағымдарын берген және олардан алынған мәліметтер негізінде нақтылы шектемеленген (контурланған) бөлікше немесе аумақ ауқымында есептеліп шығарылған қорлар

Қорлардың В категориясы - ауқымында жеткілікті дәрежеде ұңғымалар бұрғыланған, осы ұңғымаларда жүргізілген өнеркәсіптік каротаж жұмыстарының нәтижелері, осы зерттелген алаңшаның өнеркәсіптік мұнайлылығын не газдылығын біржақты дәлелдеген. Сол сияқты өнімді жатынды әртүрлі гипсометрлік белгілерде (деңгейлерде) аршыған кем дегенде екі ұңғымадан мұнайдың не газдың өнеркәсіптік ағымы алынған алаңша ауқымында анықталған қорлар.

Қорлардың С1 категориясы - мұнайының немесе газының кенорын ретінде шоғырлану, яғни орналасу ерекшеліктері геологиялық іздеу жұмыстарының немесе геофизикалық жұмыстардың нәтижелері негізінде ғана анықталған қорлар.

ҚорлардыңС2категориясына- мұнайлы-газды провинция ауқымында жаңадан ашылған құрылымдарға тиесілі қойнауқаттарға жинақталған мұнай немесе газ қорлары жатқызылады

Мұнай қорларын есептеудің көлемдік әдісі - мұнайлы қойнауқаттың геометриялық пішін ерекшеліктері мен оның кеуектілігі, мұнаймен қанығу дәрежесі, мұнайдан аласталу мүмкіндігі (қойнауқаттан мұнайды өндіріп алу мөлшері)

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (48.3 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club