Бақылап қарау құрылғысы
Автор: Нуралы Токтагул • Май 22, 2020 • Реферат • 1,013 Слов (5 Страниц) • 462 Просмотры
Бақылап қарау құрылғысы
Бақылап-қарау құрылысына байланыс кабель құдықтары жатады, олар ККС әріптерімен таңбаланатын және бес тип көлеммен шығарылады:
ККС-1, ККС-2, ККС-3, ККС-4, ККС-5.
Тағайындалуына, көлем түрлеріне және енгізетін каналдардың санына қарай құдықтар былай бөлінеді: өтпелілер канализациясының түзу учаскелерінде салынады, бұрыштағылар-канализация трассасының бұрылған жерлерінде салынады (негізгі таңбаға "У" әріпі қосылады, яғни ККСу) тармақтайтындар - канализацияның бірнеше бағытқа тарайтын жерінде салынады /ККСр/ және станциялықтар (станция шахтасынан бастап санағанда, біріншілері) магистральдық кабельдерді шахта арқылы АТС-ның кросына енгізуге арналған. Құдықтардың көлемі және енгізілетін каналдардың саны төменгі кестеде көрсетіледі.
2-кесте
Кұдықтардың түрлері Ішкі көлемі, м Каналдардың
саны
ұзындығы ені биіктігі
Станциялық нөм ірлер санына
20000
6,0 3,0 2,2 96
10000 5,0 3,0 2,2 96
6000 4,3 2,6 2,2 24
3000 2,5 2.1 1,8 12
ККС-5 2,8 1,4 1,8 13-24
ККС-4 2,2 1,1 1,8 7-12
ККС-3 1,8 1,0 1,6 3-6
ККС-2 1,2 0,9 1,4 1-2
ККС-1 0,6 0,6 0,5 1
Шұңқырдың тереңдгі құдықты көлік жүретін жерде қалыңдығы 30 см, жаяулар жүретін жерде 20 см топырақ салып жабуға қамтамасыз ету керек.
Ереже бойынша КТЖ құдықтарды темір бетон элементтерінен кұрастырады, кейбір жағдайларда кірпіштен де салады.
Қалыптары бойынша темір бетон құдықтары сопақ, сегіз қырлы, алты қырлы және -тікбұрышты болады, тек қана кірпіштен салғандар сопақ болады.
Темір бетон кұдықтарын, әр түрлі механизмдерді пайдаланып темірбетон зауыдтарында дайындалады, олар еңбек өнімділігін шұғыл көтереді.
Кірпіштен салған құдықтардың артықшылығы, оларға кез-келген көлем түрлі кұдық жасау, оның маңыздылығы, жер астындағы коммуникацияларды кесіп өткенде канализация құрылысын жүргізу мүмкінділігі. Кемістіктері: темірбетон құдықтарымен салыстырғанда, төзімсіздігі және суды көп өткізгіштігі. Одан басқа, кірпіш құдықтары салғанда жер астындағы сулар жақын жерде, сужекелеуіш (гидроизоляция) жасау, ол кұрастыру жұмыстарын қымбаттатады.
Кейбір жағдайларда тікелей құбыртартым трассасында бүтін темірбетон құдықтарын құрады. Бүтін құдықтардың артықшылғы су және газ өткізбейтіндігі. Бірақ олардың құрылысы аса көп еңбектендіреді /бетонның толық қатуына біраз уақыт керек/, сондықтан олар кең таралмайды.
Бақылап-қарайтын құрылғыны жабдықтау
Телефон құдықтары мен қораптарының темірбетоннан жасалған устіңгі жабуының өтетін цилиндр көлемді тесіктер бар (шойын люкпен жабылған тесік). Түсетін салмаққа байланысты ауыр немесе жеңіл типті люктерді қояды. Ауыр типті люктерді жүк таситын көліктер жүретін көшелерде, ал жеңіл типтілерді - жаяулар жүретін жерде орналастырады. Әрбір люктың екі қақпағы бар: жоғарғы шойын және төменгі болат. Жоғарғы қақпақ құдыққа батпақ және су түсуден қорғайды, ішкісі /шойын қақпақ сынған
жағдайда/ -кабель қабаттарын жарқыншақтардың зиян келтіруінен, сол сияқты жаяуларды құдыққа құлаудан сақтайды. Одан басқа ішкі қақпақтың міндетті түрде бекіткіш қондырмасы немесе құлып ілетін құлақтары болу керек.
Құдықтың және қораптың ішіне қабырғаларына мұртты шегемен бекітілген кронштейдер орналастырылады. Кронштейдердің үстіне консолдар бекітіледі, оларға кабельдер салынады. Орналастыратын кронштейндер мен консолдардың саны қарайтын құрылғы көлем типтеріне байланысты болады. ККС-3, ККС-4 құдықтарында әрбір іш жағына екі кронштейннен
...