Отчет по практике в «Элфар Групп»
Автор: Zhannat Zhumabek • Сентябрь 16, 2018 • Отчет по практике • 1,111 Слов (5 Страниц) • 571 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
Компания туралы жалпы ақпарат……………………………………...4
Теориялық бөлім………………………………………………………………
2.1 Web сайт туралы негізгі ақпарат……………………………………6
2.2 Макет құру бөліміі………………………………………………………..22
2.3 Дизайн бөлімі……………………………………………………………...23
3.Бағдарламалық қамтама…………………………………………………………31
Қорытынды…………………………………………………………………………31
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………...32
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе білікті мамандарды даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Өндірістік тәжірибе барысында теориялық білімдер жұмыс орнында жүзеге асады .
"ELFAR GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның құрылыс индустриясында 12 жылдық жұмыс тәжірибесі бар құрылыс компаниясы. Мемлекеттің барлық өңірлерінде тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды салудан бастап қайта құру мен күрделі жөндеуге дейінгі кең ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Құрылыс-компаниясы технологиялық принцип бойынша жұмыс жүргізеді: жобалаудан бастап объектілерді салуға дейін, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығарудан бастап жылжымайтын мүлікті басқаруға дейін.
Тәжірибе барысында программалық қамтамалармен жұмыстар жүргізілді.Атап айтсақ:AutoCAD,ABC4.Cонымен қатар web программалау тілдеріменде жұмыс жүргізілді.Сондай-ақ, практикалық оқыту мақсаты HTML программалау тілі,css,jquery,bootstrap арқылы веб-сайтты жасауға негізделді.Жұмыс барысында Notepad++, графикалық редактор – Adobe Photoshop CS6, веб-браузер – Google Chrome қолдандым.
Бұл өндірістік тәжірибе 2015 жылдың 2 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Алматы, Ауэзовский район, микрорайон АКСАЙ-2 -де орналасқан "ELFAR GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілді.
1 Компания туралы жалпы ақпарат
«Элфар Групп» құрылыс компаниясы 2006 жылдан бастап Қазақстанның құрылыс нарығында жұмыс істеп келеді.Осы уақыт ішінде 300 мың шаршы метрден астам жобаны жасап, іске асырып келеді.«Элфар Групп» ЖШС - нарықтағы мінсіз беделі бар және өзін бизнесте сенімді серіктес ретінде таныған танымал құрылыс компаниясы. Компанияның негізгі идеясы жылжымайтын мүлікті әзірлеушілер мен тұтастай жылжымайтын мүлік үшін жаңалық агрегаторын құру болып табылады. Бұл пайдаланушыға бір жерге барлық қызығушылық танытатын тұрғын үй кешендері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Компанияның негізгі қызметі - бұл құрылыс. «Элфар Групп» Қазақстан Құрылысшылар Ассоциациясының мүшесі болып табылады.«Элфар Групп» коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүліктерін әзірлейді және жүзеге асырады.
«Элфар Групп» құрылысының басты талабы компания мамандарының тәжірибесі мен кәсібилігі жоғры болуы , заманауи құрылыс әдістерін және сапалы материалдарды енгізу клиенттердің талаптарын толық және уақтылы орындауға мүмкіндік береді.« Elfar Group» мамандарының жоғары кәсіби тәжірибесін пайдалана отырып, бүкіл кешенді дамыту қызметтерін көрсететін толық циклды жобаларды іске асыру,оны оңтайлы дамыту, деректерді талдау негізінде жобаларды дамыту, инвестиция, нысандарды сату немесе жалға беру қамтиды. Компания жобаларына «Керемет» (жалпы ауданы 7ga) тұрғын үй кешені, «Навои» (15 га бойынша)тұрғын үй кешені, «Байғанин » тұрғын үй кешені (4 га), бизнес-орталығы «Вектор» (9ga) тұрғын үй кешені, «Тұмар» (8ga) компаниясы, мемлекеттік органдарда жеке тұлғалар,банктерде қорландыру ашу, жоспарланған жобаларды іске асыру , объектілердің дизайнын жасау , іске қосу, 100% сату және одан әрі қызмет көрсету жатады.
...