Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі
Автор: mlorssss123 • Сентябрь 24, 2021 • Курсовая работа • 6,384 Слов (26 Страниц) • 401 Просмотры
ҚР білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономикалық факультеті
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы
[pic 1]
Курстық жұмыс
«Қаржы» пәні бойынша
Тақырыбы: Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі
Орындаған: Айдар Адель Айдарқызы. (2 курс-МА 21 тобы)
Ғылыми жетекші:Бейсенова Л.З.
Нұр – Сұлтан 2020ж
2.2-де цифрларды таблица, диаграмма түрінде келтіріп, талдау жасау керек!
Жоспар:
Кіріспе
1.Қаржының теориялық негіздері
- Қаржы туралы жалпы түсінік, мәні және қажеттігі
- Қаржылардың қызметтері,қаржының басқа құндық экономикалық категорияларымен байланысы
- Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
2.Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесін талдау және бағалау
- Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесіне сипаттама
- Қазақстан Республикасынының қаржы жүйесін талдау
3.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесіндегі мәселелерді шешу және жүйені жетілдіру
Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «экономика – бүкіл организмнің тіршілік қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын» қамтамасыз етіп отыратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың «қан таратушы жүйесі» деген болатын.Бұдан біз қаржының экономикада атқаратын рөлінің соншалықты маңызды екендігіне көз жеткізіп отырмыз.
Қоғамдық дамудағы ең өзекті мәселелердің бірі – қаржының қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны мен рөлін анықтау. Қаржының мемлекеттің, жеке салалардың және әр түрлі халықтар тобының дамуына әсері ерте кезден бастап қарастырылап келе жатқан мәселелердің бірі. Өйткені қаржының қоғамдық дамуға әсер ететін өте көп қырлары бар.
Қаржы түсінігі іргелі, жинақтаушы, алуан түрлі мәнді экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаражаттың жинақталуын, бөлінуін, пайдаланылуын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың табыстары, шығындары, жинақтары қалыптасуы барысында туындайтын ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Қаржы ұғымын түсінбес бұрын, оны ақша ұғымынан ажыратып алу қажет. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады.Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория тұтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қаржының қоғамдағы рөлі өте үлкен. Қаржының көмегімен экономиканың артта қалған салаларына демеу жасалып, көмекке мұқтаж азаматтар мен мүгедектерге, жұмыссыздарға, көп балалы отбасыларына көмек көрсетіледі. Қаржының атқаратын қызметтерінің арқасында қаржының дұрыс және мақсатты жұмсалуы жүзеге асырылады. Қаржының көмегімен кірістер мен шығыстардың арақатынасы реттеліп отырады және керек емес шығындарды болдырмауға көмектеседі.
Қаржы мемлекеттің дамуында аса зор рөл атқарады. Қаржының көмегімен экономика тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Сондай-ақ өндіргіш күштердің тиімділігі артып, осыған байланысты көптеген мәселелер өз шешімдерін табады.
Менің бұл жұмысымда қаржының қажеттілігі мен қоғамдық дамудағы рөлі туралы мәселелер қамтылған.
1 бөлім. Қаржының теориялық негіздері
- Қаржы туралы жалпы түсінік, мәні және қажеттігі
Қаржының негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың ақшалай көрінісі және қаржылық қатынастардың нақты ақша ағындарымен көрінісі.
Қаражаттардың нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші сатысында - бөлу мен айырбаста жүреді.
Өндіріс пен тұтыну кезеңдерінде құн қозғалысы болмайды, сондықтан олар қаржының пайда болу орны болып табылмайды.
Тарату процесінің үшінші сатысында бөлу тауарлардың қозғалысы түрінде болады. Тауар қозғалысының өзі қаражаттың қозғалысы арқылы жүзеге асырылады және құн иеліктен шығарылмайды, бірақ оның түрін өзгертеді. Бұл кезеңде экономикалық категорияның бағасы шешуші болып табылады және осы кезеңде құнның бағалық бөлінуі жүреді. Сонымен, бұл жерде ақша қатынастарының өзіндік ерекшелігі бар: құнның материалдық және ақшалай формаларының қарсы қозғалысы. Ақша қатынастары есеп айырысудың әр түрлі формаларында көрінеді: акцепт, аккредитив және т.б., және мұнда негізінен екі категория қызмет етеді: ақша және баға. Кәсіпкерлік субъектілері арасындағы құн формаларын құю процесінде қаржылық ресурстар қалыптасады.
...