Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчёт по практике в «Форте Банк» АҚ

Автор:   •  Июнь 28, 2022  •  Отчет по практике  •  2,749 Слов (11 Страниц)  •  448 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………….........….3

1.ҰЙЫМДАСТЫРУ-ТАЛДАУ БӨЛІМІ…………………………………..........……………….4

1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы……………………………………….........……………………4

1.2 Ұйымның есепке алу талдау қызметтерінің жұмысы…………….........……………………...5

1.3 Банктің ұйымдық құрылымы…………………………........…………………………………...6

2.ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ…………………………….........………….7

2.1 «Форте Банк» АҚ қаржылық қызметін талдау…………………………….............................. 7

2.2 Банк активтері мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау………….......…… 8

2.3 «Форте Банк» АҚ-тағы қаражат есебін қарастыру…………………….........................…… 11

3.ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….....……………………12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….....………………..13

КІРІСПЕ

Мен «Корпоративтік қаржы» мамандығының 3 курс студенті Тунганова Мадина Ержановна өндірістік іс-тәжірибемді 30 мамыр айынан 26 маусым айы аралығында  Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,Орбита-1,21 көшесінде орналасқан «Форте Банк»  АҚ бөлімшесінде менеджер-кеңесші ретінде іс-тәжірибеден өттім.

Іс-тәжірбие өту барысында «Форте Банк» АҚ қаржылық жағдайымен,қазіргі экономикадағы даму үдерісімен, сонымен қоса депозиттік-несиелік пайыздамасымен және банктің көптеген өнімдерімен таныстым. Қазіргі таңдағы осы екінші деңгейдегі банктің басқа банктермен бәсекелестік-қаржылық жағдайымен де таныстым.

Осы мақсатқа жету үшін банкте жұмыс істеген уақыт ішінде келесі міндеттер тұжырымдалды:

1. Практикалық базаның ұйымдық-экономикалық сипаттамасын оқып білу.

2.«Форте Банк» АҚ ұйымының жарғылық құжаттарымен танысып, банктің құрылу тарихы мен негізгі даму кезеңдерін көрдім.

3. 2020-2021 жылдардағы «Форте Банк» АҚ қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргіздім.

4. Ұйымның мүліктік жағдайына сипаттама беріліп, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтадым.

5. Бухгалтерлік баланстың өтімділігінің құрылымы мен деңгейін зерттедім.

6. Талданып отырған кезеңде «Форте Банк» АҚ қызметінің тиімділігіне қатысты қорытынды жасадым.

Іс-тәжірибе өткен кездегі мақсатым: оқу процесінде үйреніп түсінген теориялық білімімді одан ары жетілдіру үшін, соны практика жүзінде түсінгім келді.Ұйымның қаржылық талдауы кезінде қызмет етуінің жалпы принциптерін оқып үйрендім,банктің ұйымдық құрылымымен және оның бөлімшелерімен таныстым, оның негізгі қызмет бағыттарымен қатысты негізгі өнімдерімен әрі операцияларымен,клиенттік базамеен таныстым.Осымен қоса, қаржылық талдауын зеттедім және несиелік немесе қаржылық мекемелерде жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби дағдыларды меңгердім.Жалпы, бұл іскелік тәжірибенің негізгі мақсаты-ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау.

Тәжірибеден өту барысында мен «Форте Банк» АҚ ұйымының қаржылық бөлімімен және қызмет беру аясымен таныстым,қаржылық-экономикалық жағдайына сипаттама бердім, мұнымен қоса, несиенің пайыздық мөлшерлемесімен, шарттарымен және қандай тиімді жолдары бар екенімен таныстым.Жеке және заңды тұлғалармен қалай жұмыс жасау керек, оларға арнайы қандай ұсыныстар бар екендігіне көзім жетті.

Іс-тәжірибе барысында ұйымның келесідей құжаттарымен танысу жүргізілді: пайда мен шығын туралы есеп, ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорынның балансы,нормативтік-анықтамалық құрылымдамалар, ұйымның құқықтық негіздері әрі клиенттермен қандай жұмыс жүргізу қажет екендігіне көзім жетті.

                                 

1.ҰЙЫМДАСТЫРУ-ТАЛДАУ БӨЛІМІ

  1. Ұйымның жалпы сипаттамасы

«Форте Банк» АҚ - 2015 жылдан бері өз клиенттерінің мүддесі үшін табысты жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстандағы ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкі. Біріккен Альянс, Темір және Форте «Forte bank» деп аталды.

«ForteBank» АҚ-ның 20 филиалы мен 100-ге жуық бөлімшесін қамтитын кең филиалдық желісі бар. Топтың компаниялары халыққа, банктік қызметтер, зейнетақы жинақтары, сақтандыру, лизинг, брокерлік және дилерлік қызметтер, активтерді басқару қызметтері, шағын және орта бизнес өкілдері мен корпоративті клиенттерге көптеген қызмет түрлерін ұсынады. «Форте Банк» АҚ-ның негізгі мақсаты - жеке және заңды тұлғалардан қаражат жинау, несие-есеп айырысу және басқа банктік операцияларды және пайда алу үшін жеке және заңды тұлғалармен операцияларды жүзеге асыру.

...

Скачать:   txt (41.7 Kb)   pdf (174.5 Kb)   docx (31.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club