Отчет по практике в Банк ЦентрКредит
Автор: aizada_1998 • Сентябрь 2, 2019 • Отчет по практике • 3,880 Слов (16 Страниц) • 1,576 Просмотры
Кіріспе | 6 |
| 9 |
| 12 |
| 17 |
| 21 |
| 22 |
Қорытынды Пайданылған әдебиеттер тізімі | 23 25 |
Кіріспе
Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты- банк саласындағы басқару жұмысымен күнделікті талдау қызметі туралы мәлімет жинақтау.Тәжірибе барысында - ең басты банктік операциялардың жүзеге асырылуы, депозиттерді қабылдау, ссуда беру, тазарту және есеп айырысу жүйесі туралы бөлімдер жинақталды.
Өндірістік тәжірибені өту барысында студент міндетті :
- Тәжірибені өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;
- Кәсіпорыннан тағайындалған тәжірибе жетекшісінің өкімдерін орындауға;
- Тәжірибенің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;
- Көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;
- Тәжірибе нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.
Өндірістік практика келесі кезеңдерден тұрады:
- Өндірістік практика бағдарламасымен танысу;
- Өндірістік практиканы өту орнымен кеісім-шартты бекіту;
- Өндірістік практика бағдарлдамасын түсіндіру және оның қорытындыларың рәсімдеу бойынша студенттердің жиналысына қатысу;
- Күнтізбелік жоспар негізінде (практика өту орындарында) кәсіпорындар мен мекемелерде бухгалтерлік есебің ұйымдастырылуын қарастыру;
- Өндірістік тәжірибені дайындау үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеу;
- Практика бойынша есепті құрастыру;
- Кәсіпорын атынан жетекшіге практика бойынша есепті ұсыну және оны қорғау;
- Практиканың қорытындылары бойынша сипаттаманы рәсімдеу және тәжірибе орнынан растауды алу (кәсіпорын жетекшесінің қолдары мен мөрмен бекіту);
- Белгіленген кезеңде кафедраға практика бойынша есепті ұсыну;
- Кестемен белгіленген уақыт аралықтарына сәйкес есепті қорғау.
«Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді. Банк - ақша қаржылар мен қорларын жинақтау, несие беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.
Банк қызметі дегеніміз - банк операцияларын жүзеге асыру болып табылады. Банк операциялары және өз клиенттеріне көрсетілген басқа да қызметтер банк өнімдері деп аталады. Банк операциялары және көрсетілген қызметтер ақшалай түрде жүзеге асырылып, коммерциялық және өндірістік сипатқа ие болады. Банк қызметін банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 30-бабы бойынша мынадай операциялар жатады:
- депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
- депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
- банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
- банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi жатады, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетiледi;
- кассалық операциялар: банктердiң және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;
- аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерi мен өзге де борышкерлiк мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
- банктiк заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
- төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
- аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
- банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;
- банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдемелерiн және өзге де мiндеттемелердi беру.
Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері: Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту; Несие беру; Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; Төлем құралдарын шығару, Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру; Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу); Клиенттерге кеңес беру. Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар болып табылады.
...