Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Автор: zhuldyz0404 • Июнь 14, 2023 • Реферат • 2,905 Слов (12 Страниц) • 247 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Қаржы және есеп»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты»
Орындаған: Нурабай Жұлдызай Қанжарбайқызы
Тексерген: Супугалиева Гульназым Исламовна
Жумадилова Толкын Бексултановна
Алматы, 2022ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...........................................................................................................70
Инфляция туралы жалпы түсінік....................................................................70
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..............................................................................................71
І. Инфляцияның пайда болу себептері.........................................................71
ІІ. Инфляцияның түрлері және оның факторлары.......................................72
ІІІ. Инфляцияның салдары мен зардаптары..................................................73
IV. Инфляцияға қарсы саясат және оны жетілдіру жолдары......................74
V. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.................................................75
VI. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері...............76
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................78
КІРІСПЕ
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады, өйткені оның көрсеткіштері мен әлеуметтік-экономикалық салдары елдің экономикалық қауіпсіздігін бағалауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі жағдайда бұл мәселенің өзектілігі инфляцияның мәнін, оның пайда болу себептері мен механизмін, оның ерекшеліктері мен Қазақстандағы негізгі бағыттарын анықтау қажеттілігін тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляция әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда қазіргі заманғы экономикалық дамудың ең негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
«Инфляция» терминін экономистер экономикада бағаның жалпы деңгейі өскен кездегі жағдайды көрсету үшін пайдаланады. Инфляцияны зерттеу алғаш рет ақшаның сандық теориясы тұрғысынан қарастырылды. ХVI ғасырда француз экономисі, философ, әрі теоретик Жан Боден (1529–1596) бағаның көтерілуін алтын мен күмістің жеткізілімімен түсіндіруге тырысты. Осыдан кейін классикалық теория да осы идеяны жалғастырып, белгілі бір кезеңдегі бағаның өсуін болжауға және түсіндіруге атсалысты.
«Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляция — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, ақшаның сатып алу жарамдылығының төмендеп кетуі. Басқаша айтқанда, инфляция – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік, ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Инфляция кезінде артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады және нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық құндылықтардың бағасы өседі. Ол әлемнің түрлі елдері экономикасының дамуына әсер ететін ең маңызды проблема болып табылады. Инфляция экономикалық реттеу мүмкіндіктеріне нұқсан келтіреді. Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты.
...