Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казакстан Республикасында шаfын және орта бизнестi салыктык реттеу мәні және мәселелерi

Автор:   •  Апрель 25, 2023  •  Статья  •  2,221 Слов (9 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘНІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қасенова Д.С                                                                                                    Kasenovadana_03@mail.ru

Аннотация

            Мақалада шағын орта бизнесті дамытудағы мемлекеттің салықтық реттеуінің мәні мен орны қарастырылған. Мeмлeкeттің шағын және орта бизнесті дамыту үшін caлықтық реттеу арқылы бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің көлемін арттырудағы қырлары зерделенген. Мемлекеттің салықты реттеу қызметі әрі мемлекетті, әрі кәсіпкерлерді қызықтырaтын мәceлe болғандықтан, нақты мәліметтермен көмегімен талдау жүргізілген. Отандық шағын орта бизнесті дамыту және бюджетке түсімдерді арттырудың қырлары айқындалған.

Кілттік сөздер: салық жүйесі, салықтық реттеу, шағын және орта бизнес, салықтық төлемдер, салықтық жеңілдіктер. 

            В статье рассмотрены место и значение государственного налогового регулирования малого и среднего бизнеса. Исследованы влияние государственного налогового регулирования на развитие малого и среднего бизнеса и увелечение налоговых и других платежей в бюджет. Регулирующая деятельность государства по налоговом интересует и государство и предпринимателей. Проведен анализ фактических материалов. Определены пути развития отечественного малого и среднего бизнеса и поступления в бюджет.

Ключевые слова: налоговая система, налоговое регулирование, малый и средний бизнес, налоговые льготы, налоговые

            The article discusses the place and importance of state tax regulation for the development of small and middle businesses. The influence of state tax regulation on the development of small and middle businesses and the increase of tax and other payments to the budget. The state's tax regulatory activities are of interest to both the state and entrepreneurs. The analysis of actual materials is carried out. The directions of development of domestic small and middle businesses, including revenues to the budget.

Key words: tax system, tax regulation, small and middle business, tax benefits, tax payments

             Бүгін Қазақстан Республикасының алдында «дамыған мемлекеттер» қатарына еніп, оның тең құқылы қатысушысы болу мәселесі тұр. Бұл үшін елімізде маңызды алғы шарттары мен қажетті институционалды-құқықтық негіздері қалыптасып, жетілдіруде. Кәсіпкерлік сферасына бизнес жүргізудің заманауи тәсілдері мен әдістері еңгізілуде. Соңғы жылдары елімізде жүргізілген салық реформасы мен т.б.түрлі бағдарламалардың ықпалынан кәсіпкерліктің дамуында елеулі өзгерістер болғанын көрсетеді. Нәтижесінде орнықты экономикалық өсім мен кәсіпкерлік белсенділіктің артуы, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою, мемлекетке шетелдік инвестицияларды жұмылдыруды қамтамасыз ететін маңызды факторлардың біріне айналды.

              Соған қарамастан еліміздегі шағын және орта бизнестің ішкі жиынтық өніміндегі (ІЖӨ) үлесі қалаған деңгейден төмен, небәрі 25 пайызды құрайды. Сондықтан осы саланы мемлекет тарапынан реттеулерді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Аталған мәселені шешудің бастысы салықтық реттеулерді дамыту деген ойдамыз.

              Қaндaй дa бoлмacын мeмлeкeттiң caлық жүйeci нeгiзiнeн eкi қызмeттi aтқaрaтыны белгілі. Бiрiншici фиcкaлды қызмeт бoлca, eкiншici рeттeyшi қызмeтi. Фиcкaлды қызмeт eшкiмдi дe aлaңдaтa қoймaйды, ceбeбi кeз кeлгeн мeмлeкeттiң өмiр cүрyi үшiн қaрaжaттың қaжeттiлiгi өтe мaңызды нәрce. Рeттeyшi қызмeті әрі мeмлeкeттi, әрі кәciпкeрлeрдi aca қызықтырaтын мәceлeci бoлып тaбылaды. Бaршaмызғa бeлгiлi тaрaзының eкi жaғы сияқты, бiрiншici мeмлeкeттiң қaжeттiлiгiнeн тyындaca, aл eкiншici eркiн кәciпкeрлiкпен айналысатындардың мүддeлeрiнeн шығaды.

              Қaзaқcтaндaғы caлықтaрдың aтқaрaтын рeттeyшi қызмeтiнің, өз aтынa толық cәйкec кeлe бeрмeйтiн тұстары бар. Оны сaлықтaрдың рeттeyшiлiк рөлiндегі келесі шaрттaрғa жayaп бeрyiнен, яғни мeмлeкeттiк бюджeткe түceтiн кiрicтің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету жәнe кәciпoрындaр мeн жeкe тұлғaлaрғa caлынaтын caлықтaрдың ayыртпaлығын азайтудағы рeттeу қызметтерінде орын алып отырғанын байқауға болды.

             Салықтар экономикалық категория ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің және жеке тұлғалардың мемлекетпен арасында туындайтын қаржылық қатынастар жиынтығы болғандықтан, салық салуды екі жаққа тиімді етіп құру қағидасын сақтау орынды болмақ. Бірақ, оны құру күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады. Себебі мемлекет үшін негізгі мәселе салықтық түсімдерді көбейту болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер үшін салық ауыртпалығын азайту.

...

Скачать:   txt (26.4 Kb)   pdf (141.9 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club