Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жапонияның бюджеттік құрылымы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2018  •  Реферат  •  1,865 Слов (8 Страниц)  •  673 Просмотры

Страница 1 из 8

        1. Қазіргі таңда ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстанның банк жүйесінің мәртебесі жоғары, сондықтан Қазақстанның қаржы мамандары бір орныда қалып отырғысы келмейді. Банктік қызмет көрсетудің халықаралық сипаты оның ұлттық реттеу органдарының қарамағынан шығаруға мүмкіндік береді. Соған байланысты, әртүрлі елдердің банк қызметін бақылаушы органдарының іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру және халықаралық банктерді бақылау жүйесін құру қажеттілігі туындады. Базельдік комитет көптеген жылдар бойы осы салада жұмыс істеп келеді.

        «Базелдік қадағалау комитеті» Халықаралық Есептеулер банкінің бастамасымен 1974 жылы құрылды. Комитеттің секретариатының тұрақты орналасқан жеріне байланысты базельдік деп аталды.

        Комитет жұмысы «ондыққа» кірмейтін елдердің, сонымен қатар, Комитет мүшелері елдердің банктік пруденциалдық қадағалауын реттеуге және дамытуға бағытталған.

        Қазіргі таңда Комитет мүшелігіне Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Нидерланды және тағы басқа елдердің қаржылық бақылау органдары, жоғары лауазымды тұлғалар кіреді. Комитет Халықаралық Есептеулер банкінің құрылымды бөлігі емес, яғни өз жұмысын автономды трде жүргізеді.

        Бірінші отырыс 1975 жылы өткізілді. Содан бері жылына 3-4 рет кездесулер болып тұрды.

        Базель І келісімі 1988 жылы «Капитал есептеуін жне капитал стандарттарын бірегейлендіру туралы халықаралық келісім» қабылданды. Онда әртүрлі елдерге сай капитал жеткіліктілігінің, соның ішінде банк капиталының тәуекелділігі бағаланған баланстық және баланстан тыс активтерге қатынасынан құралатын капитал жеткіліктілігі нормативі енгізілген. Бұл коэффициент мәне 8%-дан аз болмауы шарт. Соңғы жылдары қаржы әлемі жаһандану сатысына енуіне байланысты Базель І тез ескіріп үлгерді.

Базель І кемшілігі:

  • Тәуекел жалаң есептеліп, банктік операциялар бұрмаланды;
  • Дұрыс емес белгі беруі;
  • Тәуекел деңгейін маңызды азайтпауы;
  • Несиелік туекелді төмендетудегі қамтамасыз ету тізімі және құралдары шектеулі болды;
  • Операциялық тәуекел қарастырылмады.

Нәтижесінде, 2004 жылдың 26-маусымында – капитал стандарттары жне капитал анықтамасы жөніндегі келісім, жаңадан қарастырылған концептуалдқ негіз Базель ІІ атымен қабылданды. Базель ІІ банктік істің дамуына және банктік бақылаудағы жаңа талаптарға байланысты көптеген елдер банктерінің шағымдарына жауап болды. Бұл келісімді 130-дан аса ел қабылдады. Ең негізгі ерекшелігі- несиелік туекелді бағалаудағы жаңа норматив.

Базель ІІ негізінде заң сипатындағы ЕО нұсқаулығы пайда болды. Ол нұсқаулық барлық еуропалық несиелі ұйымдарға және инвестициялық компанияларға ортақ болды.

Базель ІІ негіздері:

  1. Капиталға сандық талап
  2. Реттеуші органдар бақылауы
  3. Нарыққа талаптар

Базель ІІ стандартының  негізгі идеясы – банктердің ұсынылған бірнеше есептеу әдіснамаларынан өздеріне ең қолайлысын таңдау мүмкіндігі. Капитал мен активтердің қатынасына минималды талап өзгеріссіз 8 пайыз мөлшерінде қалды. Екінші деңгейлі капитал мөлшері бірінші деңгейлі капитал мөлшерінің 100 пайыз деңгейінде шектеледі.

Қаржылық дағдарыс әлемді ынтымақтастықты қаржы жүйесін ірі қарай дамытуға итермеледі.

Қазақстан көп жылдар бойы әлемдегі ең дамыған елдердің бірі болуға ұмтылды. Бұл әрекетті орындау үшін, біз Базель III банк жүйесі үшін жаңа стандарттар, оның ішінде үздік халықаралық тәжірибені, жүзеге асыру қажет. Бірақ Базель III стандарттарын жүзеге асыру үшін Қазақстанның банк жүйесінің өтпелі ұзақ уақыт әңгімелестік болғанына қарамастан, бүгін бұл мәселе қатал пікірталас тақырыбы болып қалуда және қаржы нарығының сарапшылары отырыстарында негізгі тақырыптар, үкімет басшылары, Ұлттық Банкінің төрағаларының бірі болып табылады. Кейбіреулер қаржы саласын дамыту перспективаларына сілтеме жасай отырып, халықаралық стандарттарға сай келеді. Басқалары болашақта банктердің мүмкін болатын проблемалары туралы айтып жатыр.

...

Скачать:   txt (26 Kb)   pdf (172.7 Kb)   docx (20 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club