Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
Автор: 87081853175 • Январь 8, 2020 • Реферат • 1,993 Слов (8 Страниц) • 652 Просмотры
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі Кіріспе.
Нарықтық қатынастар жағдайында, жоғары бәсекелестік шарттарында әр кәсіпорын тұрақты және сенімді түрде табысты қызмет атқаруы үшін әртүрлі кәсіпорындармен нарықтық қатынастарға түседі. Кәсіпорындар әр уақытта жабдықтаушылармен олардан сатып алынған шикізаттар, негізгі құралдар, материалдар және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін; ал сатып алушылармен оларға сатылған тауарлар бойынша; тапсырыс берушілермен – орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Соған байланысты осы тақырып қазіргі күнде заман талабына сай және байсалды деп есептейміз. Қазақстан Республикасының Президенті өз халқына «Қазақстан 2030» жолдауында келесіні бөліп айтты: біздің еліміздің дамуының түпкі мақсаты эконмикалық өсу, экономикалық өсудің приоритеті «бүгін, ертең, және де кейінгі отыз жылдың ішінде ең маңызды болып табылады». Осыған қол жеткізуде маңызды орынға ақпарат ие, оның дамуы «экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салаға, және Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа интеграциясына әсер етеді». [1]
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебінің, аудитінің және талдауының негіздерін анықтау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа сай келесі мәселелерді шешу қажет:
1. жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебін, аудитін зерттеу;
2. өзара талаптарға негізделген есеп айырысулардың есебін сипаттау;
3. кредиторлық қарыздың динамикасын, құрылымын, сапасын талдау;
4. кредиторлық қарыздардың қатынасын талдау;
5. есеп айырысулардың жағдайын жақсарту жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қарасу елді мекенінде орналасқан «Ельнур» Жауапкершілігі шектелген серіктестік болып табылады. Ол 2001 жылы сәуір айында құрылды, еліміздің құрылыс компанияларының бірі болып табылады.
Кәсіпорынның қызметін реттейтін негізгі құжаттар болып Кәсіпорынның жарғысы, есеп саясаты және ҚР-ның нормативті заңды құжаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы әрекетті заңдылығымен және бухгалтерлік есептің стандарттарымен сай орнатылады. Қоғамның қаржылық есеп беруіне келесілер кіреді: қоғамның бухгалтерлік есебі, табыс және шығыстар туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңына сай басқа да есеп берулері.
Қоғам жылдық қаржылық есеп берудің аудитін жыл сайын жүзеге асырады.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп мәліметтері компьютерлік өңдеумен жүзеге асырылады. Ол үшін кәсіпорында «1С:Бухгалтерия 7.7» компьютерлік бағдарламасы қолданылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I Негізгі бөлім
§1.1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын
...