Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ипотека және оның артықшылығы мен кемшілігі

Автор:   •  Ноябрь 13, 2020  •  Реферат  •  1,287 Слов (6 Страниц)  •  624 Просмотры

Страница 1 из 6

Түйіндеме

Қазіргі Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өте күрделі әрі үлкен мәселе болып тұр. Бұл проблема күннен-кунге өсу үстінде. Сол себептен іс насырға шаппай тұрғанда әртүрлі шаралар қолдану керек. Сол шаралардың бірі ипотекалық несиелеу. Бұл жұмыс осы тақырып аясында жазылғандықтан оқу барысында оқырман ипотеканың артықшылықтарымен және кемшіліктерімен таныс бола алады. Жалпы ипотекалық несиелеу әлем практикасында кеңінен қолданылады. Ең басты артықшылығы ол – дәл қазір, дәл осы жерде жылжымайтын мүлік иесі атану. Несиенің ұзақ уақытқа берілуі және соның арқасында айлық төлемнің едәуір улкен болмауы. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ олар әрине бар. Бірден-бір улкен кемшілік ол өте үлкен артық төлемдер, кейбір кезде ол төлемдер тіпті үйдің барлық бағасының жартысына тең болуы мүмкін. Және үйдің банкте кепіл болып қалуы. Төлемеген жағдайды үйдің тартып алынуы.

Мазмұны

Кіріспе

Әдебиетке шолу

Зерттеу сұрағы

Гипотеза

Зерттеу әдісі

Зерттеу нәтижесі

Талқылау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ипотека және оның артықшылығы мен кемшілігі

Кіріспе

Қазіргі Қазақстанда тұрғын үй мәселесі күрделене түсті, оны шешудің жаңа ғылыми тәсілдерінің қажеттілігі туындады. Мемлекеттік тұрғын үй саясатындағы үлкен өзгеріс ол ипотекалық несиелеуді дамыту болды. Осылайша, мемлекеттік тұрғын үй саясаты үлкен жетістіктерге жетті, себебі ипотека арқасында тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігі қоғамның барлық топтарына, әсіресе орта топқа қол жетімді болды.

Жалпы айтқанда ипотека  – дегеніміз жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып ұзақ мерзімге берілетін несие. Яғни қарыз ақшаға тұрғын үй сатып алу. Әлемдік қаржы тәжірибесінде ипотекалық несиелеу кең таралған. Нарықтық экономикасы дамыған және банк жүйесін ұйымдастырудың жоғары деңгейі бар елдерде ипотекалық несиелеудің барлық жүйесі дамыды.Соған қарамастан, экономикалық тұрғыдан алғанда, ипотекалық несиелеу үлкен перспективалармен қатар, экономикалық дағдарыс кезінде туындаған маңызды проблемаларға ие.Бұл проблемаларды шешу оңай емес, бірақ екінші жағынан, оларды шешуге тырыспай, ипотекалық несиелендіру тиімділігін арттыру мүмкін емес. Сондықтан ипотекалық несиелеуді дамыту Қазақстанның алдында тұрған ірі мәселелердің бірі.

Әдебиетке шолу

Әр адамның өзін қауіпсіздікте сезінетін орны бар. Ол орын үй. Осыған қарап Цицерон Марк Тулий «Сіздің үйіңізден гөрі жақсы орын жоқ» деп бекер айтпаса керек. Кез-келген адам үшін ол  әртүрлі. Біреуге пәтерде біреуге жер үйде тұрған жақсы. Қазір баспанаға ие болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Сол жағдайлардың бірі ипотека. Әйгілі қаржылық сауаттылығы жөніндегі кеңесші Бота Жұманова айтып өткендей «Көптеген инвестициялық сарапшылар теңге мен қазақстандық жылжымайтын мүлікке ақша салудың қажеті жоқ дейді.  Алайда, егер сіз Қазақстанда тұруды, жұмыс істеуді және балаларды тәрбиелеуді жоспарласаңыз, онда жылжымайтын мүлікке қаражат салу керек деп ойлаймын». Осылайша егер сіз Қазақстанда тұрақты тұрамын бірақ пәтер алуға ақшам жетпейді десеңіз ипотека жақсы шешім болуы мүмкін. Әрине ипотека алып аз уақыт ішінде өз үйіңде отырған жақсы. Бірақ ипотекадан әр түрлі қиындықтар көріп қалған адамдар да бар. Ол қиындықтардың себебі: ыңғайсыз шарттар бойынша несие алу, неше түрлі себептер бойынша несиеіні уақытында төлей алмау. Осы орайда халық арасында несие жайлы біраз қызық әңгімелер тарап кетті. Мысалға «Адамдар сөсіз ұзақ өмір сүре бастады мұның себебі, 30 жыл мерзімге алынған ипотека», « Ипотека алу арқылы адам үш туа біткен бүйректің патология емес, Құдайдың сыйы екенін түсінді», «Отбасын 25 жылға алынған ипотека сияқты ештеңе қатайтпайды».

Өзектілігі

Қазір жеке тұрғын үйдің болмауы өзекті мәселелердің бірі. Өз ақшасына баспана сатып алу қарапайым халыққа қиын болып табылады. Себебі жылжымайтын мүлік бағасы үнемі өсіп отырады. Осының арқасында халықтың төлемақысымен үйдің бағасының арасында үлкен айырмашылық болады. Осы кезде ипотекалық несиелеуге назар аудару керек. Бұл жүйе арқылы кез-келген адам үй ала алады. Әсіресе қазіргі кездегі әртүрлі көмектермен. Соның бірі «7-20-25» бағдарламасы. Бұл  бағдарлама бойынша бастапқы төлемі 20%-дан аспайтын, жылдық сыйақы мөлшері 7%-ды құрайтын, 25 жылға дейінгі мерзімде жылжымайтын мүлік алуға болады.

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (132.3 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club