Компания имиджін құру жолдары
Автор: Nazira245 • Май 4, 2022 • Реферат • 2,472 Слов (10 Страниц) • 636 Просмотры
[pic 1]
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырып: Компания имиджін құру жолдары
Орындаған: Ахмет Алина, Муканова Назира,
Ислам Жанеля, Абельдинов Сагдат
Жетекшісі: Байтилеуова Ғ. А.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысы бойынша
Алматы, 2022
Оглавление
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 5
А) Компания имиджін қалыптастыру мәселелері 5
Ә) Компания имиджін дамытудың маңыздылығы 6
Б) Зерттеу жұмысы 8
Қорытынды 12
Жоспар
- Кіріспе
- Зерттеу тақырыбының тұжырымдамасы
- Негізгі бөлім
- Зерттеу нәтижелері
- Қорытынды
Кіріспе
Нарықтық жағдайда ірі тауар өндірушілер үшін өзін-өзі көрсете білу, таныта білу, көптеген бәсекелестердің ортасында өзін, өзінің тауарын айрықша етіп көрсету ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы алғышарттар ұлттық және халықаралық брендтердің қалыптасыуына, табысқа жетуіне жағдай жасап, мүмкіндік береді.
Тұтынушылар үшін күресте, брендингті қалыптастыруда басты құралдардың бірі корпоративтік стиль. Бүгінде ол фирманың барлық коммуникациялық саясатының негізі болып табылады. Оны қолдану: безендіруді, түстердің үйлесімділігін, жарнамадағы бейнемен, іскерлік қағаздармен, техникалық және іскерлік құжаттармен, өнімнің қаптамасымен және т.б. бірыңғайлықты ұйғарады.
Корпоративтік имидж компания өмірінде имидждік, идентификациялайтын және дифференциялайтын сияқты маңызды қызметтер атқарады.
Имидждік қызмет тез танылатын, ерекше, қызықты компания бейнесін қалыптастыру болып табылады. Ол өз кезегінде компанияның беделі мен абыройын арттыруға ықпал етеді.
Сондықтан да, бұл тақырыпты зерттеу және көтеру алдағы уақытта компания құрайтын кәсіпкерлер үшін маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмысы компания имиджін құру мәдениетін дамыту үшін жүргізіледі. Себебі қазіргі таңда көптеген компаниялар имидж дамыту мәдениетін меңгермегендіктен сәтсіздікке ұшырайды.
Айтарлықтай жетістіктерге қарамастан корпоративтік имиджді қалыптастыру теориясы мен практикасында әлі күнге дейін әдіснамалық проблемалар кездеседі. Бұл түсінік пікірталастар мен талқылаулардың тақырыбы болып қала береді, атап айтқанда, қолайлы корпоративтік имиджді қалыптастыру факторларының құрылымы, олардың маңыздылығы, өзара алмастырылуы және өзара толықтырылуы.
Корпоративтік имидж келесі компоненттерден тұрады: сатып алушылардың
кәсіпорынның тауарлары мен қызметтеріне, оның мақсаттары мен құндылықтарына, әлеуметтік саясатына қатынасы, өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдары, сыртқы орта (мысалы, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әр түрлі акцияларда) және т.б.
Корпоративтік имидж-бұқаралық ақпарат құралдарында мақсатты түрде қалыптасқан кәсіпорынның өзіндік "бет-бейнесі" немесе насихаты.
"Корпоративтік имидж" категориясының мәнін анықтауда біріңғай әдіснамалық тәсілдеме әлі құрылмаған.
Әрбір зерттеуші осы тұжырымдаманың мазмұнын оның көзқарасы бойынша ең маңызды жағынан ашады. Әр түрлі ғылыми дереккөздерді жалпылау негізінде мына анықтаманы ұсынуға болады.
Корпоративтік имидж-бұл басқару іс-әрекеттері нәтижесінде мақсатты түрде қалыптасқан кәсіпорынның сапалық және сандық сипаттамаларының жиынтығы, оны стейкхолдерлер бағалайды.
Бұл анықтама корпоративті имидждің мазмұнын кеңінен ашса да, ол екі маңызды сәтті көрсетеді: корпоративті имиджді субъективті қабылдау және оны құрудың мақсатты сипаты.
...