Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абстрактілі класты құру

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Лабораторная работа  •  582 Слов (3 Страниц)  •  934 Просмотры

Страница 1 из 3

Лабораториялық жұмыс 15. Абстрактілі класты құру.

Тапсырмалар

1-нұсқа

Фигура абстрактылы базалық класын құрып, оның құрамында аудан мен периметрді есептейтін абстрактылы әдістерді анықтаңыз. Бұл кластан туынды Шеңбер және Трапеция кластарын құрып, олардың құрамында аудан мен периметрді есептеу әдістерін қайта анықтаңыз. Аталған кластар құрамында қажетті өрістерді және оларды базалық немесе туынды класта анықтаудың дұрыстығы туралы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

2-нұсқа

Array абстрактылы базалық класын құрыңыз. Құрамында қосындыны табу және жиымды элементтік өңдеу әдістерін жариялаңыз. AndArray және OrArray туынды кластарын құрыңыз. AndArray класында қосындыны табу операциясы жиындардың қиылысуы ретінде, ал өңдеу әдісі квадрат түбірді табу арқылы жүзеге асырылады. OrArray класында қосындыны табу операциясы жиындардың бірігуі ретінде, ал өңдеу әдісі логарифмді табу арқылы жүзеге асырылады.

3-нұсқа

Валюта абстрактылы базалық класын құрып, оның құрамында теңгеге аудару және экранға шығару абстрактылы әдістерін анықтаңыз. Бұл кластан туынды Доллар және Рубль кластарын құрып, олардың құрамында теңгеге аудару және экранға шығару әдістерін қайта анықтаңыз. Аталған кластар құрамында қажетті өрістерді және оларды базалық немесе туынды класта анықтаудың дұрыстығы туралы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

4-нұсқа

Pair абстрактілі базалық класын анықтап, құрамында + және – операцияларын жариялаңыз. Fuzzy және Fraction туынды кластарын құрыңыз, Fuzzy класының өрістері: үштігі, операцияларды жүзеге асыру ережелері: қосу: A+B=(A+B-a1-b1, A+B, A+B+a2+b2); азайту: A-B=(A-B-a1-b1, A-B, A-B+a2+b2). Fraction класының өрістері: санның алымы мен бөлімін білдіретін екі бүтін сан, қосу және азайту операцияларын жүзеге асырыңыз.

5-нұсқа

Үштік (үш бүтін сандық өрістен тұратын класс) абстрактылы базалық класын құрып, оның құрамында әрбір өрістің мәнін бірге арттыратын жеке абстрактылы әдістерді анықтаңыз. Бұл кластан туынды Мерзім (Дата) және Уақыт кластарын құрып, олардың құрамында әрбір өріс мәнін бірге арттыратын әдістерді қайта анықтаңыз. Аталған кластар құрамында қажетті өрістерді және оларды базалық немесе туынды класта анықтаудың дұрыстығы туралы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

6-нұсқа

Прогрессия абстрактылы базалық класын құрыңыз, құрамында n-ші элементті және n-ші қосындыны табу операцияларын жариялаңыз. Туынды кластары: арифметикалық және геометриялық. Туынды кластарда операциялардың жүзеге асырылу ережелерін анықтаңыз.

7-нұсқа

Түбір абстрактылы базалық класын құрып, оның құрамында түбірлерді есептеп, нәтижені экранға шығару абстрактылы әдістерін анықтаңыз. Бұл кластан туынды Сызықтық және Квадрат кластарын құрып, олардың құрамында сәйкесінше, сызықтық және квадрат теңдеулер түбірлерін табу және экранға шығару әдістерін қайта анықтаңыз. Аталған кластар құрамында қажетті өрістерді және оларды базалық немесе туынды класта анықтаудың дұрыстығы туралы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

8-нұсқа

Pair абстрактілі базалық класын анықтап, құрамында + және – операцияларын жариялаңыз. Қаражат және Комплекс туынды кластарын құрыңыз, Қаражат класының өрістері: теңге мен тиын түріндегі қаражат, қосу және азайту операцияларын жүзеге асырыңыз. Комплекс класының өрістері: санның нақты және жорамал бөліктері, қосу және азайту операцияларын келесі ережелер бойынша жүзеге асырыңыз: қосу: (a,b)+(c,d)= (a+b,c+d); азайту: (a,b)-(c,d)= (a-b,c-d);

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (88.6 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club