Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Банктік тәуекелдердің инфрақұрылымы

Автор:   •  Май 8, 2019  •  Курсовая работа  •  1,973 Слов (8 Страниц)  •  736 Просмотры

Страница 1 из 8

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

 4

1

БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 6

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТАҒЫ ТӘУЕКЕЛ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ

 11

2.1

Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел инфрақұрылымдарының ағымдағы жағдайы

 11

2.2

Коммерциялық банктердін тәуекелдегі басқару проблемалары және оларды төмендету жолдары

 16

2.3

«Kassa Nova Bank» АҚ-ның тәуекелдерді басқаруы және құрылымдары бойынша бағалау әдістері

 22

3

БАНКТІК ТӘУЕКЕЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

 27

ҚОРЫТЫНДЫ

 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 35

КІРІСПЕ

Жобаның өзектілігі: Тәуекел ұғымы кез–келген қоғам саласында орын алатын объективтік оқиға болып табылады. Банк жүйесінде немесе кәсіпкерліктің көптеген саласында кездейсоқ пайда болатын көп аспектілі категория. Экономиалық тәуекелер тобы арасында, банк тәуекелдері айрықша орын алады. Тәуекел өз табиғаты бойынша нөлдік немесе жағымсыз оқиға болуымен көрініс табады. Яғни, тәуекел төмендеу аясында кәсіпорын немесе банк экономикалық шығындарға ұшырайды.  Ал, банктік жүйе – нарықтық экономиканың құрудағы  ең маңызды бөлігі болып табылады. Банктер өз қызмет – міндетіне байланысты және сыртқы факторлардың әсер етуі барысында тәуекелдер пайда болады. Бұл дегеніміз, банк жүйесіндегі ресурстық базаның қалыптасуы. Басқарылатын ресурстарға пассив және актив операцияларын жатқызамыз, сонымен қатар сыртқы  экономикалық инфляцияның әсер етуі. Банк тәуекелдерін ішкі қызметі және сыртқы әсер деп екі құрылымдарға бөлгенімен, өзара бір–бірімен байланыс құрайды, кей жағдайда шиеленісу жағдайы орын алып жатады. Қандай да бір кәсіпкерлік болмасын  қызмет барысы ол тәуекелмен байланысты, әсіресе бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер үшін тәуекелді басқару маңыздылығы қашан да жоғары тұр. Түсініктемені нақтырақ төмендегі жоба барысында баяндап кететін боламыз. Коммерциялық банктердегі клиенттердің қаражатын тарту және дұрыс орналастыру қызметі бойынша ақпараттық жүйе мен тұрақсыз сыртқы орта жағдайларында жүзеге асырылады, сондықтан жоғары қаржылық нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржы орталықтары клиенттермен өзара әрекеттесуді дұрыс реттеп, ресурстық базаны қалыптастырып, тәуекелділік процесс жүйесін дұрыс ұйымдастыру қажет деп есептейміз. Әрине банктік тәуекел инфрақұрылымдарының бірі ол басқару, оның негізгі мақсаты – пайда көзінің қолайлы деңгейі және қаржылық жағдайының тұрақтылығын қадағалау. Сондай–ақ банктегі қаржы жағдайындағы пайданың күрт төмендеуіне әсер ететін факторлармен күресу. Егерде банк тепе теңдікті сақтай алмайтын қауіпті күйге енсе, спекулятивтік нәтиже алу қауіпімен түсіндіріледі. Қазіргі таңда еліміз нарықтық қатынасқа көшу барысында коммерциялық банктердің қағидаты мейлінше көп пайда алуға ұмтылу болып табылады. Дегенмен ескере кеткен жөн, пайда алу мүмкіндігі неғұрылым жоғары болған сайын, тәуекелді басқарып және оны төмендету соғырылым қиындық туғызады. Классикалық ілім негіздеріне сүйене отырып банк жүйесінің жоғары көрсеткіштерін үш түрде бағалауға болады: өтімділік, рентабельділік және қауіпсіздік. Банктердің практикалық қызметінде жоғарыда аталған мақсаттардың маңыздылығы зор, және оларды ескере отырып пайда көзін арттырады. Осылайша банк тәуекел мәселесіне шешім қабылдау процесінде көрсетілген критерилерді есепке алады, өйткені онымен тығыз байланысты. Жоба барысында банктік тәуекел ұғымдары зерттелді. Сондай–ақ құрылымдарға жіктеліп тәуекелдерді басқару жүйесі қарастырылды. Тәуекелдерді төмендету  банк  бірінші кезекте жүйе құрамын, құрылымын, рентабельділігін, тұрақтылығын талдауға, сондай-ақ ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы болжамдар жасауға тиіс. Бұл рәсімдер коммерциялық банктің тәуекел инфрақұрылымдарының негізгі элементтері болып табылады. Бұл мәселеде  инфляция мен ресурстардың қолда бар болғаны кезінде банктік ісметтерге сұраныс ұсынысқа қарағанда әлдекайда асты, осы шарттар банктік операциялардың  табиғатын өзгерте отырып, жоғарғы пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Қаржы секторында болған банктік дағдарыс пен  коммерциялық банктердің тәуекелділік рөлін анықтаумен қатар төмендету жолдарын жетілдірудің қажеттілігін растап отыр. Сол себептен осы мәслелерден тақырыптың өзектілігі туындайды.

...

Скачать:   txt (30.7 Kb)   pdf (152.2 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club