Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік қаржы бақылауын ұйымдастыру. Қаржы бақылауының жалпы мемлекеттік жүйесі

Автор:   •  Сентябрь 2, 2021  •  Реферат  •  6,845 Слов (28 Страниц)  •  321 Просмотры

Страница 1 из 28

Мемлекеттік қаржы бақылауын ұйымдастыру Қаржы бақылауының жалпы мемлекеттік жүйесі. Қаржы бақылау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттігін қарастыру.

1. Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері.

2. Жалпы мемлекеттік қаржы бақылауы.

3. Жергілікті органдардың құзіреті.

4. Ведомстволық және ішкі бақылаудың ерекшелігі.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ұлттық банкі жатады.

Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

2. мәслихаттардың тексеру комиссиялары;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган;

4. орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары;

5. облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Барлық баспалдақтардың өкілетті органдары (мәслихаттар, депуттардың жиналыстары) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысанда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау олардың қызметінде болғанымен негізгісі болып табылмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылау объекті жергілікті ақшалай қорлар болып келеді.

Мәслихаттың тексеру комиссиясы Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып

...

Скачать:   txt (113.8 Kb)   pdf (153.4 Kb)   docx (37.6 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club