Бу мен тазалау аппараты
Автор: Баян Ертаргынова • Апрель 7, 2023 • Курсовая работа • 3,289 Слов (14 Страниц) • 289 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «АТАМЕКЕН»
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
[pic 1]
БИЗНЕС ЖОБА
Тақырыбы: Бу мен тазалау аппараты
Орындаған: Ержанов Айтмұхаммед, Геминхан Ерен, Сәкенұлы Бейбарыс. |
Қабылдаған: _____________________ |
Өскемен, 2022ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................4
- Жоба түйіндемесі...............................................................................................4
- Қызмет көрсету сипаттамасы...........................................................................5
- Нарықты және бәсекелестерді талдау.............................................................9
- Маркетинг жоспары........................................................................................11
- Ұйымдастыру - басқару жоспары...................................................................12
- Өндіріс жоспары..............................................................................................13
- Қаржылық жоспар...........................................................................................14
- Жобаның тәуекел дәрежесін бағалау.............................................................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................19
КІРІСПЕ
Экологиялық проблема — адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.
Жалпы пайдаланудағы көлік-бұл қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға міндетті, бұл тасымалдарды кім ұсынса да: мемлекеттік кәсіпорын немесе мекеме, қоғамдық ұйым, фирма немесе жеке тұлға. Жалпы пайдаланудағы көлік материалдық өндірістің дербес саласы ретінде әрекет етеді. Ол өндіріс саласы мен тұтыну саласы арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, айналым саласына қызмет көрсетеді. «Магистральдық көлік» термині елдің немесе ірі өңірдің ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарын байланыстыратын қатынас жолдарын белгілеу үшін қолданылады. Бір сөзбен айтқанда көлік саласы жылдан жылға үлкен жылдапдықта дамып келеді. Сонымен қатар көлікке жасалатын қызмет көрсету салаларыда даму үстінде.
Осындай жағдайда біз көліктің жаңа жуу әдісін қарастырдық. Бұл әдісте біз ешқандай химиялық қоспаларды пайдаланбаймыз және де өте көп мөлшерде суды қажет етпейді. Бұның барлығы табиғатты қорғау жәнеде ысырапшылдықты азайту мақсатында жасалып отыр. Біз қарастырып отырған GoClean - бұл бактериялардың ішіндегі бірінші автомобильге бағытталған химиялық және басқа жуғыш заттарсыз жоғары температура мен жоғары қысымды қажет ететін аппарат. Құрғақ және дымқыл буды жәнеде сыртқы тазалауды бір уақытта пайдалану яғни уақытты үнемдеу мақсатында, Автокөлік құралдарын қорғау және қауіпсіз жұмыс жасау, энергияны үнемдеу үшін қазіргі таңдағы ең тиімді машина болып табылады.
...