Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнес жоспар

Автор:   •  Апрель 21, 2022  •  Реферат  •  2,327 Слов (10 Страниц)  •  173 Просмотры

Страница 1 из 10

5 Бизнес жоспар

5.1 Түйіндеме

Бақылау және алдын алу кез-келген саланың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл тапсырма өте күрделі және көп жауапкершілікті талап етеді. Осыған байланысты, бейстандартты сұрақтарды анализдеуде және шешуде имитациялық модельдеу арқылы әртүрлі бағдарламалық өнімдерді қолдануға болады.  

Жоғарыда айтылған себептерді ескере отыра, өзімнің дипломдық жұмысымды өзекті әрі перспективалық деп санаймын. Бағдарламалар пакеті әртүрлі техникалық сипаттамадағы түзулердің жобасын дайындай алады, осы арқылы пайда болған мәселелерді алдын ала зерттеп білуге мүмкіндік береді. Сатып алуға, жабдықтау мен құрастыруға ресурс қажет етпейтіндігін ескере келе, жоғарыда айтылған шешім экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.

5.2 Мақсат пен міндеттер

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- Төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл алгоритмдерін жасау;

-Апаттардың ықтимал көздерін анықтау, олардың пайда болу ықтималдығын бағалау;

-Төтенше жағдайлардың жасалуын, олардың сипаты мен мөлшерін, даму сценарийлерін болжау;

- Қоршаған ортаға, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, ықтимал материалдық шығындарға қауіпті факторлардың әсер етуінен болатын салдарлар мен залалдарды болжау;

- Төтенше жағдайларды мониторингтеу және болжау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету үшін ақпараттық және алмасу-коммуникациялық жүйелер құру.

Дипломдық жұмысты жазу үшін маған спутниктік бағдарламалармен жұмыс жасап, кәсіпорындардың аудит жағдайын зерттеу қажет. Ол үшін керекті, лицензияланған бағдарламалық өнімді сатып алып, оны өз жеке компьютеріме орнатуым тиіс.

Төтенше жағдайларды бақылау жүйесі қоршаған табиғи орта мен техногендік саланың жағдайын бақылауды қамтитын құзыретті мекемелер мен билік органдарының тобын қамтиды. Олардың ішінде: Росгидромет, ТЖМ, Госстрой, Қорғаныс министрлігі, РҒА, Табиғи ресурстар Министрлігі, қадағалау қызметтері, кәсіпорындардағы техникалық бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімдері. Олар өз қызметін федералды және жергілікті деңгейде жүзеге асырады. Осының арқасында кез-келген апаттың қаупін азайту және олардан ел халқын қорғау қамтамасыз етіледі.

Жобаның экономикалық тиімділігін есептеу. Қосалқы кіріс ретінде өз өнімімді қашықтықтан оқыту үшін оқу орындарына жарнамалау.

5.3 Штатты есептеу

Жобары орындау үшін маған мамандар тобын жинау керек. Айтылмыш топқа кіруі тиіс мамандар: басқарушы, жобалаушы, бағдарламашы. Кеңесшілер ретінде экономика және телекоммуникация саласындағы мамандарды тартқан жөн.

Басқарушының міндеттеріне жобаның толықтай жасалуына, топтың басқа мамандарының жұмысына, кеңесшілермен жұмысқа жауапкершілік алу кіреді. Жобалаушы теориялық негіздеу дайындауға, жобаны құрастыруға және жұмыс алгоритмін дамытуға міндетті. Жобаның тікелей реализациясын бағдарламашы жүргізеді. Оған қоса, жүйенің бағдарламалық модульдерің жүзеге асыруы, жобаның жұмыс және соңғы сынақтамасын өткізуі тиіс.  

Жобаның орындалу жоспарын 5.1 кестесі ретінде көрсетейік. Бұл кестеде жобаны жүзеге асыруға қатысатын тұлғалар, олардың орындауы тиіс жұмыстары және әр этаптың орындалуына керек мерзімдері көрсетілген.

Кесте 5.l–Жобаны орындауға кететін еңбек шығыны

Этап №

Этаптың аты

Еңбек сыйымдылығы

l

Міндетті алдын ала қою

l

2

Теориялық негіздеу

3

3

Техникалық тапсырманың қоюлуы

3

4

Негізді жүзеге асыруды әзірлеу

8

5

Алгоритмді әзірлеу

l

6

Интерфейс бөлігін әзірлеу

l5

7

Бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) бағдарламалық модульдерің әзірлеу

l

8

БЖ-ның интерфейстік бөлігін әзірлеу

2

9

Сынақ бөлігін жүзеге асыру

3

l0

Жұмыс бөлігін жүзеге асыру

25

l1

Есеп бөлігін жүзеге асыру

2

l2

Өнімнің альфа-сынақтамасы

l

l3

Экономикалық консультация

2

БАРЛЫҒЫ, күн

68

...

Скачать:   txt (29.8 Kb)   pdf (145.6 Kb)   docx (35.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club