Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фосфор қышқылы өндірісі

Автор:   •  Декабрь 9, 2021  •  Реферат  •  3,165 Слов (13 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 13

              Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ‒түрік университеті

«Жаратылыстану» факультеті

Экология және химия кафедрасы

[pic 1]

Тақырыбы:          Фосфор қышқылы өндірісі 

Орындаған: Минаварова Холида

Пәні: Химиялық технология

Тобы: 5В011200–химия/4 курс

Қабылдаған: Техн. ғ. докторы, доц. Шахабаев Е.

                                                    Түркістан қаласы

2021 оқу жылы

       Жоспар:

Кіріспе

1.      Фосфор қышқылы қасиеттері

2. Фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық сипаттамасы

3.      Өнім шикізаттарының қасиеттері

4.      Өндірістің химиялық реакцияларының

сипаттамасы

5.      Өндірісте қолданылатын аппараттар

6.      Қорытынды

7.      Пайдаланылған әдебиеттер

       

              КІРІСПЕ

Фосфор қышқылы тыңайтқыш және әртүрлі фосфор құрамдас тұздар алу кезіндегі компоненттердің бірі болып табылады. Фосфор қышқылын өндірісте екі түрлі әдіспен алады: термиялық және экстракциялық.

Фосфор қышқылын электротермиялық әдіс арқылы өндіру үрдісі екі негізгі сатыдан тұрады: фосфорды электроайналдыру және оны фосфордың жарты бес тотығының фосфор қышқылына дейін айналатын келесі гидратациясымен тотығу.

Электротермиялық әдістің құндылығына төменгі сапалы фосфат шикізатынан салыстырмалы түрдегі таза және байытылған фосфор қышқылын алу мүмкіндігі жатады.

ТФҚ өндірісінің көп таралған екісатылы нобайы бойынша айналдыру газдары шаңнан тазартылады, кейін фосфор 60С температура шамасында, яғни фосфордың балқу шамасынан жоғары температурада концентрленеді. Сұйық фосфорды күйдіру камерасында ұстайды, түзілген фосфор ангидриді суытылады және сумен жұтылады.

Термиялық фосфор қышқылы өнеркәсіпте экстракциялық фосфор қышқылына қарағанда қымбатырақ, себебі ол анағұрлым таза және құрамында фтор қоспасының болмауы себебімен жемдік фторсызданған фосфат алуда жарамды. Ол, сонымен қатар, жуу құралдары өндірісінде, әртүрлі техникалық фосфат және т.б. өндірістерде кеңінен қолданылады. Термиялық фосфор қышқылын концентрленген фосфор тыңайтқыштары өндірісінде аз мөлшерде қолданады.

Термиялық фосфор қышқылының концентрациясы 80%-ға H3PO4 дейін құрайды (56.8% P2O5).

  1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Фосфор табиғатта көп таралған элемент болып табылады. Оның жер қыртысындағы құрамы 0,08-0,12% (салмағы бойынша) немесе жер қыртысы атомының жалпы санының 0,07% шамасын құрайды. Элементарлы фосфордың және оның тотықтарының жоғары активтілігі салдарынан ол суда аз және қиын еритін минералдарды түзеді. Құрамында фосфор бар 120 минерал белгілі. Олардың ішіндегі өндірістік мәні бар – фосфоритті кен

құрамына кіретін апатитті топ. Аргономикалық кен деп аталатын табиғи фосфаттар элементарлы фосфор, фосфор қышқылы, минералды тыңайтқыш, жемдік құрал, полифосфат және т.б. өндірістері үшін бастапқы шикізат болып табылады.

  1. Апатит және фосфорит кендерінің минералдық құрамы

Табиғи фосфор кендері өзінің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша минералдық құрамы, құрылымы, қоспалар құрамына тәуелді ажыратылады. Олар екі түрге бөлінеді – апатитті және фосфоритті кендері. Шикізаттың екі түрінде де жалпы формуласы 3М3(PO4)2*CaX2 апатитті топ минералдары фосфор заты болып табылады, мұндағы М - Са ретінде, ал Х – фтор, хлор, ОН ретінде қабылданады. Сонымен қатар фосфатты кендерге қоспалар кіреді. Табиғатта көптеп кальцийфторапатит 3Са3(PO4)2*CaF2 немесе Ca5(PO4)3F, тағы гидросилапатит 3Са3(PO4)2*Ca(ОН)2 немесе Ca5(PO4)3ОН таралған. Гидросилапатит жануарлар сүйегінде табылады.

...

Скачать:   txt (40.5 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (2.4 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club