Органикалық химия және полимерлер
Автор: ZhaksylykAK01 • Январь 24, 2022 • Практическая работа • 1,290 Слов (6 Страниц) • 337 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Химия факультеті
Органикалық химия және полимерлер кафедрасы
Онлайн форматтағы өндірістік тәжірибе
бойынша есеп
Орындаған: ТФП тобының студенті
Жанарбек Инжу
Жетекші: Органикалық химия және полимерлер
Кафедрасыныңаға оқытушысы PhD докторы
Бағасы:________________________
Қарағанды 2021, жыл
Жоспары:
1. Химия факультетінің зертханаларымен танысу
2. Полимерлерді физика-химиялық қасиеттерін зерттеу зертханасымен танысу
3. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС,қызметі,бағыты.
4. Қарағанды қаласы. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің жанындағы фармацевтикалық зауыт https://idl.ksu.kz/.Өнеркәсіптің өнімдерімен танысу. http://kphk.kz/
5. ШЖҚ РМК «Дәрілік заттар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы»
6.Өндірістік практика жетекшісінің берген тапсырмалары.Тапсырма-1, тапсырма-2 https://idl.ksu.kz/
7. Қорытынды
Оқу тәжірибесі бойынша есеп
Оқу жоспарына сәйкес 24.05.2021-26.06.2021 аралығында «5В074800 Фармацевтикалық өнідіріс технологиясы» мамандығының топтарында өндірістік тәжірибесі өтті.
Өндірістік тәжірибесінің онлайн форматындағы ZOOM платформасындағы https://us04web.zoom.us/s/4976317463 алғашқы күнінде,тәжірибе жетекшісі Толқын Ондирисовна өндірістік тәжірибесінің мақсаттары мен міндеттері,оқу бағдарламасымен таныстырды.
Өндірістік тәжірибенің алғашқы күнінде химия факультетінің органикалық химия және полимерлер кафедрасының жұмыс істеу бағытымен ,зертханалық құрал-жабдықтар және зертханалық ыдыстармен таныстық.Сонымен қатар жергілікті фармацевтика компанияларының қызметімен,жұмыс істеу бағыттарымен таныс болдық.
[pic 1]
Физика –химия зерттеулер зертханасында біз дезинтегратор аппаратының қалай жұмыс жасайтынымен таныстық. Дезинтегратор фармацевтикалық материалдарды ұсақтауға арналған құрылғы. Ең аз энергия шығындары мен шикізаттың едәуір көлемін тез өңдеуге,оларға қажетті құрылым мен гомогенділік дәрежесін беруге мүмкіндік береді.
[pic 2][pic 3]
Спектрофотометр (спектр, метр сөзінен (гр. photo's — жарық және гр. metreo - өлшеймін) — жарық толқынының ұзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының интенсивтіліктерінің қатынасын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Спектрофотометр gжарық көзінен, монохроматордан, жарық қабылдағыштан және тіркеу құрылғысынан тұрады. Әр түрлі денелердің 0,185 ... 200 мкм диапазонда нұр шашу, сіңіру және шағылыстыру қабілетін өлшеу үшін пайдаланылады
[pic 4]
Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Электрондық микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің рөлін электр тоғымен қыздырылған вакуумда орналасқан V пішінді фольфрам жібі электрондар тасқынының қызметін атқарады, әйнек линзалардың орнында электромагниттік линзалар орналасқан. Жарық микроскопының объективі мен окулярының орнына электрондық микроскоптың магниттік катушкалары сәйкес келеді. Электронды микроскопта міндетті түрде вакуум болуы қажет, себебі ауада электрондар алысқа кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырай кетеді. Электрондар тасқынының бағытын қажетіне қарай қуатты электр өрісі немесе магнит өрісімен өзгертуге болады. Электрондардың жылдамдығы үдесе, электрондық микроскоптың шешуші кабілеті артады.
...