Организмдегі тіндердің және мүшелердің гипоксия кезіндегі метаболизм процестері
Автор: or_nura • Февраль 22, 2020 • Реферат • 2,006 Слов (9 Страниц) • 1,148 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Организмдегі тіндердің және мүшелердің гипоксия кезіндегі метаболизм процестері. Көмірсулар, майлар және азоттық қосылыстардың метаболизм процесіндегі патологиялық бұзылыстары
Орындаған: Оралсын Нурайым
Тексерген: Сулеймен Гульназ
2019 жылы
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Гипоксия кезіндегі метаболизм процестері
- Көмірсу метаболизмі процесіндегі патологиялық бұзылыстары
- Майлар метаболизмі процесіндегі патологиялық бұзылыстары
- Азоттық метаболизмі процесіндегі патологиялық бұзылыстары
III. Қорытынды
Кіріспе
Гипоксия атаусөзі (грек. Hypo - аз, төмен, oxygenium-оттегі сөздерінен) ағзалар мен тіндерде оттегінің жеткіліксіздігін немесе (грек. Hypo- oxydation-тотығу сөздерінен) биологиялық тотығу үрдісінің жеткіліксіздігін білдіреді.
Гипоксия - тіндерде биологиялық тотығу үрдісіне қажетті оттегі-нің организмге аз түсуінен немесе оның дұрыс пайдала-нылмауынан дамитын біртектес дерттік үрдіс.
Организмде оттегі теңгерілімінің қалыпты көрсеткіштері:
- артериалық қанда оттегінің үлестік қысымы (рО2) – с.б.б. 80 – 100 мм;
- артериалық қанның оттегіге сыйымдылығы – 20 көлемдік % немесе 100 мл қанда 20 мл. оттегі болады;
- веналық қанның оттегіге сыйымдылығы –15 көлем. %;
- артериалық және веналық қандарда оттегінің мөлшері бойынша айырмашылық 5 көлем. %;
- гемоглобиннің оттегіге қанығу мөлшері :
- артериалық қанда: 95 – 98 %
- веналық қанда: 65 %
Гипоксияның себептері:
1. Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы (рО2) азаюы
2. Тыныс алу жүйесінің қызметтері бұзылуы
3. Қанның оттегіге сыйымдылығы азаюы
4. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылыстары
5. Тіндерде тыныстық ферменттердің белсенділігі төмендеуі
Гипоксиялардың жіктелуі:
- Экзогендік
- Эндогендік
- тыныстық
- циркуляциялық
- гемдік
- анемиялық
- гемоглобин әсерсізденуі
- тіндік
Экзогендік гипоксия
- Гипобариялық - биікке көтерілгенде барометрлік қысым төмендеуінен болады
- Нормобариялық - ауасы алмастырылмайтын бөлмеде ұзақ тұрудан болады
Атмосфералық қысым мен оттегінің үлестік қысымының (РО2 ) арақатынасы
[pic 1]
Метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды(мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Жедел гипоксия кезіндегі ағзадағы компесаторлық-адаптациялық реакциялар кешені:
Тыныс алу жүйесі: гипервентиляция, өкпенің қан толуын арттыру, өкпенің физиологиялық эмфиземасы, бірқалыпты перфузия және өкпенің желдеткішімен
Жүрек-қантамыр жүйесі: қан ағынының жылдамдығын арттыру және гипоксияға жоғары сезімтал органдарға қайта бөлу
Қан жүйесі: көкбауырдың шығарындысы есебінен эритроциттер саны артады (катехоламиндер трабекулярлы бұлшықеттердің α-адренорецепторларына және көкбауырдың капсулаларына құйылады)
...