Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Серпімді былғары өңдеудің технологиялық процесін жобалау

Автор:   •  Февраль 28, 2024  •  Курсовая работа  •  6,236 Слов (25 Страниц)  •  104 Просмотры

Страница 1 из 25

[pic 1]

[pic 2]

Кіріспе        

1.  Ірі қара малдың терісінен жасалған  өнімдерді таңдау және  талдау        5

1.1 Жобалау объектісі ассортиментін таңдау және негіздеу        

1.2 Дайын өнімді таңдау және негіздеу        9

1.3 Таңдалынған  ассортиментті дайындаудың технологиялық процесін құрастыру және негіздеу        11

1.4 Илеу-майлау процестерін жетілдіру        13

2. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру        15

 2.1  Технологиялық желі шикізатына қажеттілікті есептеу

2.2  Технологиялық жабдықтардың есебі        17

2.3 Химиялық заттардың есебі        22

3. Серпімді былғары өңдеудің технологиялық процесін жобалау                23

Қорытынды        29

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                       30

        

Кіріспе

Тері өңдеу өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіптің құрамына кіретін күрделі салалардың бірі. Бұл сала теріні сыпырып алудан бастап, дайын өнім алуға дейінгі бірнеше өңдірістік кезеңдерден тұрады. Теріні сыпырып алу, майсыздандыру, керу, консервілеу және кептіру процестерінен кейін ғана дайын тері өнімі қолданысқа шығады. Өнеркәсіптің осы саласын көтеру арқасында бірқатар елдер мемлекеттің қорына біршама пайда түсіруде. Бұл сала халықты жұмыспен қамтып елдің әл-ауқатын көтереді. Еуроодақ елдерінде тері және мехты дайындау және өңдеу өнеркәсібі Жоғарғы сапасы мен сәнді үлгісінің арқасында европалық тері өндірісі саласының өнімдері дүние жүзінде жоғары бағаланады. Еуропалық тері өңдеу кәсіпорындары тері өнімдерінің барлық түрін өндіруде көп ғасырлық дәстүрге ие. Өндірістің икемділігі, сән әлемінің жаңа талаптарына бейімдеушілік пен тұтынушылық сұраныстың өзгергіштігіне жылдам әсер ету қасиеттері дүние жүзінің нарығында алдыңғы орындарды ұстап тұруға өз ықпалын тигізеді. Өңдеуді процестерінен кейін заманауи технологияларына сүйене және тек қана жоғарғы сапалы шикізатты қолдана отырып еуропалық жеңіл өнеркәсіптің тері өңдеу саласы әлемдік көшбасшы ретінде есептелінеді. Қазақстанда жабайы аңдар терісін дайындау бірнеше есе кеміп кетті. Міне, соның есесін осы аң фермаларының өнімі арқылы толықтыруға әбден болады. Қазір Қазақстанда дайындалып жүрген барлық аң терілерінің 12-15%-ейі жабайы хайуанаттардікі де, 82- 85%-і қолда өсірілетін аң фермаларының үлесіне тиеді. Тек Қазақстанның аң өсіретін шаруашылықтары ғана жыл сайын мемлекетке 200-300 мың таза табыс түсіріп отырады. Келешекте мұндай шаруашылықтарды дамыту арқылы осы табысты бірнеше есеге арттыруға әбден болады. Ресми деректерге жүгінсек, жыл сайын 7,5 миллион тонна тері шикізат күйінде шетелге кетіп жатыр. Оның біразы заңды жолмен экспортталса, басым бөлігі көмейі кең көлеңкелі бизнестің көрігін қыздыруда. Сарапшылардың болжамы бойынша, елден жасырын кетіп жатқан тері-терсектен мемлекеттік бюджет шамамен 5 млрд. теңгеден қағылып отырса керек. Республикамызда аң терілерін мол өндірудің тағы бір тиімді жолы- терісі құнды кейбір аң терілерін арнаулы фермаларда өсіру. Сонымен бірге үлпілдек әдемі жүні мен жағымды жеңіл етіне бола үй қояны сияқты өте өсімтал аңды өсіру көп пайда келтіреді. Әрине, бұл бағытта бізде едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл игіліктер істі келешекте де дамыта беру мәселесіне қазір үлкен мән беріліп отыр. Мұнда жоғарыда аталған Республикамыздағы әртүрлі аңшылық шаруашылықтарын алдына терісі бағалы аңдардың қорын тиімді пайдалану мен көбейту және өсірілетін ірі қара мал терілерін молырақ дайындау жөнінде көптеген нақты шараларды жүргізу белгіленеді.

...

Скачать:   txt (86.2 Kb)   pdf (3.3 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club