Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Елiмiздегi химия ғылымынын бас шаныраfы

Автор:   •  Декабрь 18, 2022  •  Реферат  •  297 Слов (2 Страниц)  •  114 Просмотры

Страница 1 из 2

ЕЛІМІЗДЕГІ ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БАС ШАҢЫРАҒЫ

Э.Б.Бектуров атындағы химия ғылымдары институты 1945 ашылып, мемлекетімізге, халқыма қызмет етіп келе жатқанына 75 жылдан асыпты. Елімізде химия ғылым, білімін дамытуда бұл институттың ашылуы мемлекетіміздегі химия өндірісінің дамуына, химия саласындағы фундаментальді және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ерекше биік дәрежеде жемісті дамуына мүмкіндік тудырды. Ғылымда дамытуға қажетті мамандардың химия саласындағы ғылым докторларын, ғылым кандидаттарын дайындаудағы және жас ғалымдарды тәрбиелеу бағытындағы да орны ерекше.

Бұл институтта химия әр түрлі салалары бағытында фундаментальді ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді, солардың негізділеріне ғана тоқталар болсақ: полимерлерді синтездеу, органикалық заттарды синтездеу, олардың ішінде органикалық отандық дәрігерлерді және биологиялық ақылы қосылыстарды алудың оригинальді әдістерін ауыл шаруашылығнда тыңайтқыш болып табылатын фосфор қосылыстарын және коррозия ингибиторларын, сорбенттерді алу технологияларын жасау және т.б.

Жасалған технологиялардың біразы өндіріске енгізілген, тіпті ерекше ұсыныстарына мемлекеттік сыйлық алынған.  Химия ғылымдары институтының еліміздің экономикасынандамуына қосқан үлесі, ғылыми табыстары жеткілікті. Мен бұл институтты еліміздегі химия ғылымының бас шаңырағы дер едім.

Тек еліміздің егемендігін алған кезден бастап химия ғылымдары институтының ғалымдары мемлекетіміздегі фундаментальді және қолданбалы зерттеулердің дамуына үлкен үлес  қосып келеді, соларға ғана тоқталар болсақ:

1991-2014 жылдар аралығында институттың қызметкерлері 60 доктордың және 206 кандитаттың диссертацияларын қорғатты. Осы кездерде 74 монография, 11 оқулық жарық көріп, 200-ден аса шет ел және еліміздің  патенттері алыныпты.

Бұл ғылыми нәтижелер институты қызметкерлерінің өте жоғары дәрежеде еңбек етіп жүргендігін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (55.2 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club