Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды калориметр әдісімен анықтау

Автор:   •  Сентябрь 22, 2022  •  Лабораторная работа  •  1,255 Слов (6 Страниц)  •  276 Просмотры

Страница 1 из 6

«Ғ.ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

№1  Зертханалық жұмыс

Пәні: Жалпы жылутехника

Тақырыбы: Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды
калориметр әдісімен анықтау

Мамандық: 6B07108– «Автоматтандыру және басқару»

Орындаған: Маратов Эльдар              

Тобы: АУТк 19-7

Тексерген: Сейдалиева. А

______________    ____________     «______»  __________ 2021 ж.

             (бағасы)                  (қолы)

Алматы, 2021

№ 1 зерттеу жұмысы. Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды
калориметр әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Атмосфералық қысымдағы ауаның меншікті
жылусыйымдылығын тәжірибелік анықтау мен ағынды калориметр әдісін
игеру.
Тапсырмалар:
1) Ағынды калориметр әдісімен 3÷5 тәртіпте ауаның с’р - көлемдік
меншікті жылусыйымдылығын (кДж/(м3К)) тәжірибелік анықтау;
2) Ауаның t = 0 0C-дегі меншікті маңыздық ср мен cv (кДж/(кгК)),
көлемдік c’v (кДж/(м3К)) және мольдік μср мен μcv (кДж/(кмольК))
жылусыйымдылық мәндерін тәжірибелік анықталған с’р (кДж/(м3К)) арқылы
((1.2)-мен) есептеп, әдебиеттік мәндерімен салыстыру ([1, 2], [7], 20 ÷ 26 c.).
3) Өлшеу қателіктерін анықтап, зерттеу нәтижелерін талдау [1].

1.1 Зерттеуге қажетті теориялық кіріспе

Берілген х теңесулі құбылысындағы дененің 1 К (Кельвин) температураға қыздыруына қажетті жылуын жылусыйымдылық дейміз

                [pic 1]                 (1.1)

Дененің m, кг не μ, кг/кмоль маңызына, не физикалық қалыпты (tқ = 0 0C, рқ = 101 325 Па) күйдегі Vқ, қм3 көлеміне келтірілген жылусыйымдылықты меншікті маңыздық (сх = Cx/m, Дж/(кгК), қалыпты көлемдік (сх= Cx/Vқ, Дж/(қм3К) не мольдік (схμ = Cxμ/m, Дж/(кмольК) жылусыйымдылық дейміз.

Бұл меншікті жылусыйымдылықтардың арақатынасы келесі болады

[pic 2]                          (1.2)

Бұлардағы Qτ - жұмыс денеге берілетін (не одан алынатын) жылу, Дж;

q = Qτ/m - жылуқозғалымдық жүйедегі жұмыс дененің 1 кг маңызына келтірілген жылылық, Дж/кг;

m - жұмыс дененің маңызы, кг;

Т - жұмыс дененің температурасы, К;

∂Т = ∂t – дербес туынды температура, К, 0С;

сх – х = p, v, T = тұрақты құбылыстардағы меншікті (ауаға t = 0 0C-де) маңыздық (ср = 1,0036, cv = 0,7164 кДж/(кгК)), көлемдік (ср = cpρ = 1,0036∙1,293 = 1,2971, cv = 0,9261 кДж/(қм3К)), мольдік (μср = 28,96∙1,0036 = 29,073, μcv = 20,758 кДж/(кмольК), мұндағы 1,293 кг/м3 = ρ – тығыздық, μ = 28,96 кг/кмоль – ауаның мольдік маңызы (массасы)) жылусыйымдылық [1].

Жылусыйымдылықтың кванттық теориясы күрделі. Сондықтан ол іс жүзінде көпмүшелік бернемен сипатталып, aумаққылық орта (үстіндегі сызықшалы) мәні пайдалынады

                                [pic 3]         (1.3)

                        [pic 4]                 (1.4)

Мүлтіксіз газдардың Майер теңдеуі:

                [pic 5][pic 6]                 (1.5)

мұндағы R – газ тұрақтысы (ауаға R = Rμ/μ = 8314Дж/(кмольК)/28,96 (кг/ кмоль) = 287,0 Дж/(кгК)).

1.2 Тәжірибелік қондырғы және жұмысты орындау тәртібі
Жылусыйымдылығы анықталатын ауа (1.1 сурет) жылулық
оқшауланған ағынды калориметр 1-ден электрлі 2-де қыздырылып, сорғы 3-
пен ағындалады. Қыздырғыш 2 мен сорғы 3-тің қуаттары зертханалық
өзгерткіш ЛАТР-1, ЛАТР-2-лермен реттеліп отырады.

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (452.4 Kb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club