Фотобиологиялық үдерістер
Автор: Shoku99 • Май 3, 2018 • Реферат • 2,958 Слов (12 Страниц) • 2,804 Просмотры
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ [pic 1] КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ ИМ.С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Реферат
Тақырыбы: Фотобиологиялық үдерістер
Орындаған: Қуан Н.Е.
Факультет: ФӨТ
Топ:17-003-1
Тексерген: Абдрасилова В.О.
Алматы 2018
Жоспар:
- Кіріспе
- Фотобиологиялық үдерістер, реакциялар
- Фотохимилық реакциялар
- Фотобиологиялық әсер спектрі
- Биополимерлерге ультракүлгін сәулесінің әсері
- Фотомедицина. Фототерапия
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Фотобиологиялық, фотохимилық процестердің механизмін білу адамға өте маңызды болып келеді. Ол ғылымның көптеген салаларына есік ашып, адам ағзасында, табиғатта жүріп жатқан процестердің сырын ашуға көмегін тигізді. Осы екі ұғым бір-бірімен өте тығыз байланыста. Фотобиологиялық процесс бар жерде фотохимиялық реакциялар жүріп отырады. Мысалы, фотосинтез процесі. Бұл процесс туралы рефераттық жұмыста қарастырып кетемін. Практикалық тұрғыдан фотобиологияның қолданылу аясы кең. Оның медицинада орны ерекше.
Бұл жұмысты жазудағы мақсатым ғылыми айналымдарда жүрген деректік материалдар мен зерттеулерді пайдалана отырып, алынғына тақырып,яғни фотобиологиялық процестер бойынша түсінікті түрде мәлімет беру.
Мақсатымды іске асыру үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
- Фотобиологиялық процестің механизмін қарастыру, негізге заңдылықтарын анықтау. Оның қызметі мен маңызын деректер келтіре түсінік қалыптастыру
- Фотобилогиялық процестің фотохимиялық реакциялрамен байланысын анықтау
- Ультракүлгін сәулесінің әсер ету механизмін түсіндіру
- Медицинада әсерін қарастыру
1.Фотобиологиялық үдерістер, реакциялар
Фотобиологиялық процесстердің биофизикалық негізін зерттеу кванттық биофизиканың басты бөлімі. Биологиялық маңызды молекулалардың жарық кванттарын жұтуынан бастап, ағза деңгейінде физиологиялык реакциямен аяқталған процесстерді фотобиологиялык процесстер дейді. Оған мыналар жатады:
- Фотосинтез-Күн сәулесі әсер еткен кездегі органикалық молекулалар синтездейді;
- Фототаксис - ағзалардың жарықтан немесе жарыққа қозғалуы (мысалы, бактериялар);
- Фототропизм -өсімдік жапырақтарының жарықтан немес одан бұрылуы (бұтақтары);
- Фотопериодизм -жануарлардың «жарық қараңғы» циклдік әсерлері жолымен тәуліктік және жылдық регуляциясы;
- Көру - көздің жарық энергиясын нерв импульсі энергиясына айналуымен жүретін жарықты қабылдауы; көз бұршағының тұмандануы;
- Ультракүлгін сәуленің әсесрі (микроорганизмдердегі бактерияларды өлтіру немесе оларды тұрақтандыру, провитаминдерден Д витаминин түзу, адам терісіне эритемалық әсер, терапевтік эффект және т.б. ).
Фотобиологиялык процесстер көп сатылы болады. Олардың әрқайсысы жарық квантын жұту процессінен бастап ағзада өтетін күрделі физиологиялық реакциялармен аяқталатын көптеген топтардан тұрады. Шартты түрде фотобиологиялық процесстердің өту сатысын мына топтарға бөлуге болады:
1) жарық квантының жұтылуы; 2) молекулалар ішінде өзара энергиямен алмасуы; 3) қозған молекулалар арасында энергия тасымалдануы;4) алғашкы фотохимиялық акт; 5)тұрақты өнімдер түзетін караңғылык реакциялары; 6) фотоөнім түзетін биохимиялық реакциялар; 7) жарықтың әсеріне жалпы физиологиялык жауап.
...