Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Молекулалы

Автор:   •  Сентябрь 18, 2019  •  Лекция  •  525 Слов (3 Страниц)  •  547 Просмотры

Страница 1 из 3

Сабақтың тақырыбы: Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

Сабақтың    міндеттері:

Білімділік: Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары туралы түсіндіру

Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

Тәрбиелік:  Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың   типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:  теориялық

Оқытудың технологиясы: НЗМ іс-тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша

Болжам етілетін нәтиже: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті қажеттілік барысында пайдалану

II блок «Сабақтың жабдықталуы»

Таратпа материалдар:  

Негізгі әдебиеттер:

Жаратылыстану – математика бағытына арналған 10 сынып физикасы

Б.С.Арызханов Физика. Алматы,Мектеп,1986

III блок «Ұйымдастыру-рефлексиялық»

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

-Студенттермен амандасу        

-Студенттерді түгендеу

-Сабаққа назарын аудару

ІІ. Сабақтың тақырыбы

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа білімді меңгерту

Жаңа сабақтың мақсаты

  Физика ерте заманнан бері-ақ заттың құрылысын зерттеумен айналысып келеді. Зат құрылысы жөніндегі ой-пікір, көзқарас әр тұста әр түрлі болып келеді. Жылу құбылыстары туралы ілімнің дамуына байланысты, зат құрылысын түсіндіретін молекула-кинетикалық теориядүниеге келді.

   Молекула-кинетикалық теорияның негізін қалайтын мына қағидаларды есте сақтаған жөн.

  1. Барлық зат жекеленген бөлшектерден, молеккулалардан тұрады; заттар құрылысы дискретті, молекулалар арасында бос орын болады.
  2. Заттардың молекулалары үздіксіз хаосты (ретсіз) қозғалыста болады.
  3. Молекулалар арасында өзара әсер күші болады.

Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы газ, сұйық және қатты денелерге жасалған көптеген тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижесінде дәлелденіп келеді. Сол тәжірибелер мен бақылаулардың кейбіреулеріне тоқталайық.

      1.Барлық заттар молекулалардан тұрады. Молекула – заттың қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшек. Заттарды бөлшектегенде ең кішкене бөлшек – молекула шығады. Онан әрі бөлшектегенде зат жоғалып кетеді. Ал енді молекуланың құрамына атом енеді. Атом – химиялық элементтің қасиетін көрсетеді. Атомды бөлшектесе, химиялық элемент жоғалып кетеді.

       Заттарға сыртқы күшпен әсер етсе немесе температурасын өзгертсе, ол заттың көлемі өзгереді. Көлемнің өзгеруі деген сөз зат құрылысының дискретті екенін көрсетеді. Осы жағдайды байқау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Спирт пен су алайық. Шыны түтікке алдымен су, оның үстіне боялған спирт кұяйық (сурет). Шыны түтіктің аузын тығындап, бірнеше рет төңкеріп, сонан соң шайқап араластырайық. Сонда спирт пен судың  қоспасын аламыз. Бұл қоспаның көлемі бастапқы су мен спирттің көлемдерінен аз болғанын байқаймыз. Бұл тәжірибе молекулалардың арасында бос орын бар екенін көрсетеді. Сыртқы күштің әсерінен (түтікті шайқау) су мен спирттің молекулалары араласады. Әр түрлі молекулалар бірімен-бірі жақындасып кетеді, сөйтіп, қоспаның бос көлемі азаяды. Молекулалардың арасында бос орын барын көрсететін мысалдардың тағы біреуі – диффузия.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (177.6 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club