Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иондық түрлендіргіштер

Автор:   •  Май 31, 2021  •  Реферат  •  366 Слов (2 Страниц)  •  273 Просмотры

Страница 1 из 2

5-ші тапсырма

Иондық түрлендіргіштер. Реостаттық түрлендіргіштер немесе белсенді кедергі датчиктері. Тензорезисторлық түрлендіргіштер

а) иондаушы түрлендіргіштердің  жұмыс  істеу принципі және қолдануы

 

Иондық түрлендіргіштер  – өлшенетін электрлік емес шама, газдық ортаның электрондық жəне иондық өтімділігі тогымен функционалды байланысатын түрлендіргіштерді айтады. Электрондар мен иондар ағымы – иондаушы агент əсерінен газдық ортаның иондануы не термоэлектрондық эмиссия жолымен немесе газдық орта молекулаларын электрондармен атқылап, т.б. жолдармен иондық түрлендіргіштерде алынады. Кез келген иондаған түрлендіргіштің міндетті элементі – сəулелену көзі мен қабылдағышы болып саналады.

б) реостаттық түрлендіргіштердің  жұмыс  істеу принципі және қолдануы

Реостаттық түрлендіргіштер жиіліктік диапазоны шектелген виброүдеулер, виброорын ауыстыруларды өлшеуге қолданылады. Температураның өзгеруімен, сымның меншікті кедергісінің температуралық өзгеруіне негізделген түрлендіргіш кедергісі өзгереді. Түрлендіргіш потенциометрлік сұлба бойынша бос жүрiстiң тəртiбiнде қосылғанда кернеу таралуын өзгертпейді жəне температуралық қателік болмайды. Негізінен реостаттық түрлендіргіштер сатылы (дискреттік) болып саналады. Өйткені, реохордтық типті есептемегенде, өлшенетін электрлік емес шаманың үздіксіз өзгеруіне, қозғалтқыш бір орамнан екіншісіне өткенде ΔR сатылы кедергінің өзгеруі сəйкес келеді. Дискреттілік қателігі мына жағдайды құрайды: γR = ±ΔR/(2Rр) мұндағы Rр – түрлендіргіштің толық кедергісі. Егер түрлендіргіш пропорционалдық түрлену функциясына сай болса, онда кедергі «секірулері» қозғалтқыштың қозғалу аралығында бірдей болады. Онда Rр=nΔR; γR = ±1/2n, мұндағы n –реостаттық түрлендіргіш орамындағы орам саны, əдетте n = 100...200.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (72.7 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club